KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886962
2019 жылы:  20677
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.02.2015

   2015 жылғы 12 ақпан, 15.00-де Үлкен залда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған және Ұлттық кітапхана мен Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы және «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен «Мирас» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған «Ұлттар жарастығы – ұлы қазына» атты  мерекелік іс-шара өтті.

   2015 жылы бүкіл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылын атап өтеді. 6 ақпанда Алматы қаласында  ҚХА жалауы көтеріліп, көпшілік салтанатты іс-шаралар өткізумен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын мерекелеу ресми бастау алды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мемлекеттік саясат пен республикалық бағдарламалардың таратушысы, әлемдік және отандық білімнің сақтаушысы бола отырып, алғашқылардың қатарында эстафетаны қабылдап,  көпұлтты Қазақстан өміріндегі осы бір айтулы оқиғаны атап өттіі.
   ҚР Ұлттық кітапханасында 2012 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі табысты жұмыс жасауда. Оның мақсаты – ғылыми еңбектерді, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді қалыптастыру және насихаттау болып табылады. Депозитарийге жинақталған деректі және көркем әдебиеттер біздің еліміздің аумағында тұрып жатқан әртүрлі ұлыстардың тарихы мен қазіргі өмірін, олардың рухани мәдениеттерінің,  дәстүрлері мен өнерлерінің дамуын бейнелейді.
   Мерекелік бағдарламалар аясында  іс-шараны ұйымдастырушылардың сөз сөйлеуі, Алматы қаласының ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптау тобының «Қазақстандағы этносаралық келісім моделінің» тұсаукесері, этностық ұжымдардың музыкалық концерт, Ұлттық кітапханадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің безендірілген кітап экспозициясы, ҚХА және этномәдени орталықтардың жұмыстары туралы бейнефильм көрсету, этникалық мәдениеттің қолөнер көрмесі ұсынылды.
 
   Кешті Ұлттық кітапхананың кітапханашылары Шыңғысов Жомарт және Дүйсенбаева Динара жүргізді.

    Сөз сөйлегендер: Ұлттық кітапхананың бас директоры, белгілі жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары  Асқар Әлібек Асылбайұлы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, филология ғылымдарының  докторы, қалалық «Мирас» қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы, Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары Васток Ахмадулла,  Алматы қ. ҚХА  ғылыми-сараптама тобының төрағасы, философия ғылымдарының докторы Шайкемелев Мұхтарбек Сейд-Әліұлы,  Республикалық «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Ахметов Расул Сұралымұлы.

   Концерттік бағдарламаларымен: Қазақстан Ұлттық аграрлық университеті студенттерінің «Достық» би ансамблі, корей, өзбек, орыс,  ұйғыр, осетин, украин, шешен-ингуш этномәдениет орталықтары өз өнерлерін көрсетті.
   Іс-шараға  Алматы қаласы әкімшілігінің, этномәдениет орталықтары мен бірлестіктерінің,  мәслихаттың депутаттық корпусының өкілдері,  «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласының ҚХА Хатшылығы,  «Нұр Отан» партиясының АҚФ жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі,  Алматы қаласының  «Жас Отан» партиясы, қала жұртшылығы, мәдениет ұйымдары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен оқушы жастар, БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование