KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886976
2019 жылы:  20691
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.02.2015

  

 Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында атақты орыс ақыны, прозашы және аудармашы  Борис Леонидович Пастернактың 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Пастернак Борис Леонидович 1890 жылы 10 ақпанда Мәскеу қаласында атақты суретшінің отбасында дүниеге келген. Болашақ ақынның бала кезінен қоршаған ортасы музыка, сурет өнері, әдебиет болды. 1909-1913 жж. Мәскеу университеті тарих-филология факультетінің философия бөлімінде оқыды. Университетті аяқтағаннан кейін әдеби шығармашылықпен айналысады.  Ақынның әдебиетке деген алғашқы қадамы Мәскеу символистикалық әдеби және философиялық үйірмелерге қатысудан байқалды. Пастернактың «Близнец в тучах» (1913) және «Поверх барьев» (1917) атты алғашқы өлең кітаптарында орыс модернизмі поэзиясының ықпалы анық көрінеді. 1922 ж. ақынның  пастернактік әлем бейнесі барынша толық көрсетілген «Сестра моя - жизнь» атты үшінші өлеңдер жинағы жарыққа шығады.
   1932 ж. Пастернактың қоғамдық-әдеби өмірге жігерлі атсалысқан кезеңінің басталуын көрсететін «Второе рождение» атты жаңа лирикалық жинағы жарық көреді. 1932 жылдан бастап өмірінің соңына дейін заманауи және классикалық грузин поэзиясымен, У.Шекспирдің, Фаустың, И.Гетенің трагедияларымен және басқа да көптеген шығармалармен  жұмыс жасай отырып, аудармалық қызметпен айналысады.  1940-1941 жылдары ұзақ үзілістен кейін Пастернак сол кезеңдегі тілдің күрделілігін еңсеруге талпынуды  білдіретін, оның ерте кезеңдегі поэзиясына тән өлеңдерді қайта жаза бастайды. 1946-1955 жылдар аралығында Пастернак өз шығармашылығының өзіндік қорытындысы болып табылатын - «Доктор-Живаго» романымен жұмыс жасайды. Ол жыл сайын әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсынылып келді. 1958 ж. оның кандидатурасын Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Камю  ұсынып, 23 қазанда Пастернак Ресейдің осы наградаға лайықты екінші жазушысы (И.А. Буниннен кейінгі) атанады. Алайда, КСРО-дан қуып шығару қаупіне байланысты Пастернак сыйлықтан бас тартады, диплом ақын дүниеден өткеннен кейін 1989 ж. Пастернактың ұлына табыс етіледі. Ақын 1960 ж. ауыр науқастан көз жұмып, Мәскеу қаласында  жерленеді.
 
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақынның әр жылдарда көптеген шет тілдерінде жарық көрген  шығармалары қойылған.
   Кітап көрмесіне  шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование