KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887009
2019 жылы:  20724
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.02.2015

   2015 жылғы 13 ақпан, сағ. 15.00-де  Көрмелер залында әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың жүлдегері Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаевтың 2013-2014-жылдары шыққан кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

     2013-2014 жылдары жарық көрген кітаптары:
   - Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері. А., 2013. 519б.
   - Қазақ халқы этнографиясының мәселелері. А., 2013. 494б.
   - Қазақ халқының табиғат мінажаты және емдеу магиясы. А., 2013. 182б.
 -Toleubayev A.T. Traditional beliefs and superstitious rites of Kazakhs. A., 2013. 236p. (Қазақтардың дәстүрлі діни сенімдері мен әдет-   ғұрыптары).
   -Тірілтіп өткен күнді тағы шөлдеп... (ғұмырнамалық шежіре, тағлымдар, библиографиялық мәлімет). А., 2014. 319б.
   Бұл кітаптарда профессор Ә.Төлеубаевтың 1975 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жүргізген этнографиялық және археологиялық зерттеулерінің негізгі нәтижелері баяндалған. Нақтырақ айтсақ: қазақ халқының дәстүрлі діни сенімдері, ырым-жоралғылары, әдет ғұрыптары, дүниетанымы; қазақ диаспорасының этнографисы; Қазақстанның шығыс өңірлері қола дәуірінің ондаған кешендерін ширек ғасыр зерттеу нәтижелері; Тарбағатай баурайының ертесақ ескерткіштерін зерттеу қорытындылары; сақтардың қоғамдық-саяси  құрылысы мәселесі; Шілікті жазығынан табылған үшінші «алтын адамның» ашылу тарихы, зерттелу үдерісі және қалпына келтірілуі баяндалады; соңғы кітапта зерттеушінің ғұмырнамалық шежіресі, өмірлік тағлымдары және еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші берілген.
   Алдыңғы екі кітапта мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде берілген.

   Тұсаукесерді Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.
   Іс шараны тарих ғылымының докторы, профессор, әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі – Қалыш Аманжол Боранбайұлы жүргізді. 
   Сөз сөйлегендер: М.Х. Асылбеков, У.Х. Шәлекенов, Қ.Т. Жұмағұлов, Б. Нұржекеев, М. Қ. Абусейтова, Н. Әлімбай, М.Е. Елеуов, С.Е. Әжіғали, Б. Ибраев, Е. Тұрсынов, А.З. Бейсенов, А.У. Тоқтабай, С.И. Оспанов.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жаңа басылым кітапхана қорына сыйға тартылып, автор қатысушыларға қолтаңбасымен кітап сыйлады.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, тарихшылар, жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары.

  

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование