KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887013
2019 жылы:  20728
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.02.2015

   2015 жылғы 16 ақпан, сағат 15.00-де Көрмелер залында ҚР ҰҒА-ның академигі, Қазақстан-Американ еркін университетінің президенті Ережеп Мәмбетқазиевтің «РЕКТОР – СОВЕСТЬ ВУЗА» монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

   ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясат» Жолдауында заманауи қазақстандық мамандарды даярлау сапасын көтерудің негізгі аспектілерін көрсетті. Мемлекет басшысы қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру аясында ҚР БҒМ білім жүйесін дамытудағы тиімді саясаттың жаңа векторын анықтады. 
  Қазақстан-Американ еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА-ның академигі Е.Мәмбетқазиев талдау жасаған мәселелердің маңыздылығы мен өткірлігі, оның «Ректор – совесть вуза» атты жаңа монографиясында көбінесе осы саладағы ұлттық стратегиялық басымдылықпен үйлеседі.
   Кітап авторы – республикадағы танымал білім ұйымдастырушысы,  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (ҚазМУ-ден, ҚарМУ-ден кейінгі үшінші) және 20 жылдығын атап өткен, еліміздегі алғашқы жеке халықаралық серіктестік университетін – ҚАЕУ құрушы, 30 жылдық еңбек өтілі бар ректор, білім және ғылым министрі болған (1993-1995 жж.), жоғарғы оқу орындарына енгізілген бірқатар инновациялардың бастамашысы, өзінің жаңа жұмысында тек білім мен ғылымның айрықша өткір мәселелеріне ғана емес, жалпы қоғамға мән береді.
   Айтарлықтай тәжірибесі бола отырып,  ол тек олардың себебін ашып қана қоймай, сонымен қатар, білімді әрі қарай үйлестіру, қазақстандықтар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы өркениетті әлемнің өлшеміне сәйкес болуы жөнінде нақты ұсыныстарымен бөліседі.
   Кітап ректорлық корпус бойынша әріптестеріне, білім ұйымдастырушыларға, депутаттарға, педагогтарға, студенттерге, ата-аналарға, қоғамдық өкілдерге, барлық отандастарымызға үнделген және қалың оқырман қауымға арналған.
   «Ректор – совесть вуза» монографиясы орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, «Co-Serve-International» баспасында (АҚШ, Орегон штаты, Сэнди қ.,) басып шығарылды.
   Осы кітап туралы өз пікірлерін алғашқы оқырмандар: Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ғылым докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі О.Әшімов, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, РҒА-ның академигі В.А. Садовничий,  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, ғылым докторы,  профессор,  ХЭҚҒА және ХЭА академигі В.В.Киянский, АҚШ азаматы, философия докторы, Америкадағы ең беделді «Уорнер Пасифик» университетінің президенті, «Co-Serve-International» Қорының президенті М.Кристенсен білдірді.
   Е.Мәмбетқазиевтің монографиясының тұсаукесері ҚР Президенті баспасөз-қызметі Алматылық бюросының бастамасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілді.
   Тұсаукесер рәсімін  ҚР Ұлттық кітапханасы  бас  директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты. 
   Іс-шараны әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-дің журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі, Журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: М.Журинов, Р. Сейсенбаев, Н.Шәріпова, У.Әшімов, Қ. Күзембаев, Р.Алшанов, Б.Ахметғалиев, Г.Уманов және т.б. 
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Е.Мәмбетқазиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Сондай-ақ, жаңа басылым кітапхана қорына сыйға тартылып, автор қатысушыларға қолтаңбасымен кітаптар таратты.

   Қатысушылар: Қазақстанның ұлттық және жетекші мемлекеттік университеттерінің ректорлары, көрнекті ғалымдар, ҚР Мәжіліс, Парламент депутаттары, белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, журналистер.

   

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование