KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887008
2019 жылы:  20723
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.02.2015
   2015 жылғы 20 ақпан, сағат 15.00-де  Көрмелер залында  ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің он томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.


   Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы,  1955 жылы 10 қаңтарда   Семей облысы Ақсуат ауданынының  Қожагелді ауылында туған. 
   Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың филология  факультетін 1978 жылы бітірген. “Лениншіл жас”, “Халық кеңесі”, “Қазақ елі”,“Шалқар” газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары,  “Қазақ Энциклопедиясы” Бас редакциясының жетекші маманы  болып қызмет атқарған. 2000 жылдан бері – Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен, ҚР  Ұлттық бизнес-рейтингінің  «Даңқ жұлдызы» орденімен (2014) марапатталған. Көптеген өлеңдері «Екімыңжылдық дала жыры» (2000), үш  томдық қазіргі қазақ әдебиеті антологиясы (Мәскеу, 2013), он томдық «Жыр маржаны» қазақ поэзиясының антологиясы (2014)  жинақтарына енген. Он бес кітабы жарық көрген.
   10 томдық шығармалар жинағы «TST Company» баспа компаниясынан жарық көрді. 1, 2, 3-томдарға – өлеңдері, толғаулары, балладалары, поэмалары,  4-томға – С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің  өмір жолдары, шығармашылық байланыстары туралы жазылған эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ғылыми баяндамалар, ой-толғамдар,  5-томға –  әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге қатысты жазылған мақалалар, 6-томға – сыр-сұхбаттар, 7-томға – эсселер, әдеби портреттер, естеліктер, 8-томға – «Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы» монографиясы, мақалалар, 9-томға – деректі әңгімелер, очерктер, күнделік, әріптестер лебізі, 10-томға – мақалалар және Библиографиялық көрсеткіш топтастырылған.
   Осы іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
 
   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Маралтай Райымбекұлы, Темірхан Медетбек, Рузанна Бектұрсынова, Темірхан Тебеген, Алмагүл Есіркепқызы, Рафаэль Ниязбеков, Әмірхан Меңдеке және т.б.
 
   Жаңа басылым кітапхана қорына сыйға тартылып, автор қатысушыларға қолтаңбасымен кітаптар таратты. 

   Қатысушылар: белгілі ақындар, жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.
 
  
  
  
  
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование