KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887050
2019 жылы:  20765
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.02.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында қазақ батыры Бөгенбай Ақшаұлының 325 жылдығына арналған «Қанжығалы Бөгенбай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бөгенбай  Ақшаұлы (1690-1775) 1690  жылы  Сырдарияның жағасында дүниеге келген. Бөгенбай батыр Абылайхан тұсындағы танымал әскери қолбасшылардың бірі. Қазақ жауынгерлерінің ішінде үлкен ықпал мен беделге ие болған оның ерлігі, батырлығы аңызға айналып ақындардың өлеңіне арқау болды және мәңгілік игілік болып қалды.
   Бөгенбай ХVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлармен болған, кейіннен  қытай басқыншыларынан өзінің жерін азат ету шайқастарында Қабанбай, Олжабай және Малайсары  батырлармен бірге өлшеусіз ерлік көрсете отырып, өз халқының тәуелсіздігі үшін күресті. Тәуке хан  билік құрған  1710 жылы Арал теңізіне таяу жердегі Қарақұмда Бөгенбай батыр жоңғар басқыншыларымен күресу үшін қазақтың үш жүзінен құралған әскери жасақтың қолбасшысы болып сайланады. Таңдау кездейсоқ емес еді. Тәуке хан мен оның сыбайластары, сұлтандар – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер жас батырға назар аударды. Басқа әскери басшылардың алдында Бөгенбайға жасалған құрмет тек  дұрыс болып қана қоймай, сонымен қатар,  жоңғарлармен болған қанды шайқаста күштердің арақатынасының өзгеруіне де көп жағдайда шешуші  болды.
   1729 жылы Аңырақай даласында  жоңғарлармен аса ірі шайқастардың бірі болды. Басқа да батырлармен бірге қазақ әскери жасағын бастап Бөгенбай тұрды. Олар шайқас қимылдарының  далалық тактикасын қолданды. Аңырақай шайқасы  жоңғарлар үшін жойқын жеңіліске айналды. 1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қирата талқандап, оларды Үрімшіге дейін қуып барады. Бөгенбай батыр қатысқан ең ірі шайқастардың бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде болды, бұл шайқаста қазақтар сәтсіздікке ұшырап, бітімге келуге мәжбүр болады. Бөгенбай батыр дана әрі дарынды адам болған. Абылай хан 1761 жылы елшілік тапсырмалармен оны Қытайға жібереді, егде тартқан шағына дейін ат үстінде жүріп, Торғай өзені жағасында қаза болады. Батырдың сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.
   Бөгенбай батырдың құрметіне Астана қаласындағы ескерткіші орнатылған даңғылға, облыстық және аудандық орталықтардағы көшелерге, тарихи-өлкетану мұражайына, Ерейментау қаласындағы қазақ орта мектебіне, Степногорск қаласындағы дарынды балаларға арналғанАқмола облыстық мектеп-интернатына есімі берілді.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан аты аңызға айналған, айбынды қолбасшы Бөгенбай батырдың өмірі мен ұлы ерліктері туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование