KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887030
2019 жылы:  20745
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.02.2015
   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің Ғалымдар залында көрнекті тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ермұқан Бекмахановтың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.


   Ермұқан Бекмаханов (1915-1966) 1915 жылы 15 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді.  1937 жылы  Ресейдегі Воронеж педагогикалық институтын бітіріп, Қазақ КСР Халық ағарту комиссариатының жанындағы Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Республикалық халық ағарту комиссариатының басқармасын басқара отырып, жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметтер атқарды.
   1941-1946  жылдары  Е.Бекмаханов Халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы, 1946-1947 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография Институты директорының орынбасары, 1947-1966 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тарих кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі қызметтерін атқарды.
   Ермұқан  Бекмаханов - отандық  тарихтың  негізін қалаушы.  Ғалым XVII-XIX ғ. Қазақстанның саяси және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларының  мәселелерін зерттеуге едәуір  үлес қосты. Ол  этнография, тарих, әдебиет, заң, атеизм, қазақтардың мәдениеті мен өнері бойынша көптеген ғылыми жұмыстардың, Қазақстан тарихы бойынша орта мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
   1943 жылы ғалымның отандық тарих бойынша алғашқы «Қазақ ССР тарихы»  ғылыми жұмысы жарық көрді, кітаптың  редакторы  КСРО ҒА академигі А.М.Панкратов  болды. 1947 жылы оның  «XIX ғасырдың  20-40 жылдарындағы Қазақстан»  атты  монографиясы  орыс тілінде жарық көрді. Осы  тақырып бойынша 1946 жылы  Мәскеуде  ғалым докторлық  диссертациясын қорғады. Бұл жұмыс ресейлік отарлау кезеңінің басындағы Қазақстанда болған ұлт-азаттық қозғалысқа арналды. Тарихты тура баяндап, жалпы қабылданған қағидаларды елемегені үшін Е.Бекмаханов 1952 ж. тұтқындалып, 25 жылға бас бостандығынан айырылады. 1954 жылы босатылып, ақталып шығады.
   Е.Бекмахановтың өмірі мен мұрасы оның ғылым саласындағы замандастарының және әріптестерінің есімдерімен тығыз байланысты. Оның ғалым болып қалыптасуына куә болғандар: К.И.Сәтпаев, М.О.Әуезов, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, С.М.Мұқанов, С.Зиманов және т.б.  Оның шығармашылық және ғылыми мұрасын көптеген шәкірттері: академиктер М.Х.Асылбеков, М.К.Қозыбаев, К.Н. Нүрпейіс және т.б. жалғастырды.
   Ғалым өмірінің  соңғы жылдарында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде жұмыс істеді. 1966 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
 
   2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде «Бекмаханов оқулары» өткізіледі. 2013 жылы желтоқсан айында Павлодар мемлекеттік педагогикалық  университетінде  белгілі  тарихшыға  арналған  «Ұлттық тарих: қазіргі дамудың тенденциясы»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтті.
   Е.Бекмаханов Қызыл Жұлдыз орденімен  және медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен марапатталды. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ғалымға ескерткіш орнатылды, осы университеттің ғылыми кітапханасына және Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылындағы орта мектепке оның есімі берілді.
 
   Кітап көрмесінде ғалымның өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның ғылыми еңбектері, мақалалары және замандастары мен әріптестерінің ол туралы естеліктері ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование