KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887184
2019 жылы:  20899
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.02.2015

   2015 жылғы 27 ақпанда сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының 10 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы, Халықаралық Түркі Академиясы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен «Мирас» қоғамдық кеңесі.

   Халықаралық конференцияның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған және халқымыздың тарихи-мәдени ұлттық мұрасын жаңғыртуға бағытталған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының осы кезең ішіндегі нәтижелері мен жетістіктері туралы ой-пікір бөлісу. Интеграциялық үдерістерді тереңдетудің маңызды факторы ретінде түркі әлемі халқының әралуан мәдени, рухани өзара әрекеттестігіндегі бірлікті дамыту, шетелдік қонақтар мен зиялы қауымға «Мәдени мұра» жетістіктерін таныстыру.
   «Мәдени мұра» бағдарламасы шын мәнінде ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды түгендеп, қайта жаңғыртуда айрықша үлес қосқан  маңызды жоба болды. Бағдарламаның аясында көптеген маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері зерттеліп, қайта жаңғыртылды, археологиялық қазба жұмыстары  жүргізіліп, жүйеленді. Қазақ халқының тарихы бұрын ғылыми ортаға беймәлім көптеген құнды деректермен толықты. Сондай-ақ, қайталанбас бірегей сериялар аясында Қазақстанның философиясы, тарихы, археологиясы мен этнографиясы, өнері, әлем әдебиеті, т.б. бойынша көптеген  кітаптар жарық көрді.
   Халықаралық конференция аясында «Мәдени мұра» бағдарламасының қол жеткен жетістіктері: тарихи-мәдени нысандар макеттерінің, сирек құжаттар мен жәдігерлер көшірмелерінің көрмелері және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан кітаптар мен кітап дестелерінің көрмесі ұйымдастырылды.
    Конференцияда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің жауапты хатшысы, ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры Асқар Әлібек Асылбайұлы, Халықаралық Түркі Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы баяндама оқыды.
   Сөз сөйлегендер: К.М.Байпақов, М.Қ.Әбусейітова, Мехмет Куталмыш, Ә.Б.Дербісәлі, Т.К.Чоротегин, Н.Ә.Әлімбай, С.Ф.Мәжитов, Қ.Табеев.

   Қатысушылар:  секция жетекшілері, еліміздің ғылыми-зерттеу институттары, мұражайлары мен мұрағаттарының өкілдері, сондай-ақ танымал ғалымдар, жазушы-қаламгерлер, қоғам қайраткерлері, түркі әлемі мен ТМД  елдерінен жетекші ғалымдар қатысты.

  

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование