KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887101
2019 жылы:  20816
бүгiн:  1
қазiр:  23
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.03.2015

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында белгілі тілтанушы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың  90 жылдығына арналған «Тіл білімінің тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
   

   Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы 2 наурызда Ташкент қаласында (Өзбекстан) дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін (1950) және аспирантурасын бітірді (1953). Өзінің еңбек жолын 1954 жылы Қазақ КСРҒА Тіл білімі институты қазақ тілі диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 1979-1987 жылдары  Қазақстан ҒА Тіл білімі институты директорының орынбасары, 1987-1995 жылдары  бөлім меңгерушісі, 1995 ж. бас ғылыми қызметкер болды.
   Ш. Сарыбаевтың ғылыми еңбектері диалектология, морфология, лексикология,  қазақ тілінің тарихы мәселелеріне арналған. Алтаистиканы дамытуға зор үлес қосты. Ғалымның қазақ-моңғол тілдік байланысы бойынша жұмыстарына шетелдік ғалымдар үлкен қызығушылық танытты. Ғалым түркітанудың жаңа саласы  лексикографияда жемісті еңбек етті. Ол қазақ тілі дыбыстарының жаңа жіктеуін ұсынды. Оның жетекшілігімен қазақ тілінің диалектологиялық атласы және қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің бірінші томы құрастырылды. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі.
   Ш. Сарыбаев 300-ден астам монографиялардың, оқулықтардың, ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы, сөздіктердің құрастырушысы, тіл білімі бойынша  ғылыми журналдардың  редакторы, ғылыми конференциялардың қасысушысы және ұйымдастырушысы. Бүкіл одақтық ірі конференциялардың, соның ішінде аймақтық лексикография бойынша Бүкілодақтық конференциясының (1973),  Бүкілодақтық түркітану конференциясының  (1979)  ғылыми хатшысы.
   Ғалымның монографиялары: «Қазақ  тіліндегі одағай сөздер» (1959), «Қазақ тіл білімі бойынша әдебиетерінің библиографиялық   көрсеткіші» (5томды  1965-1987), «Қазақ аймақтық лексикографиясы» (1976), «Қазақ диалектологиясы» (1991), «Қазақ лексикасындағы жаңа сөздер» (1992), «Қазақ тілі білімінің мәселелері» (2000). Ғылыми еңбектері: «Қазақ тілі бойынша авторефераттар мен диссертациялардың библиографиясы» (2003), Қазақша-орысша сөздік» (2005) және т.б.
   «Қазіргі қазақ тілі» (1962) және «Қазақ диалектологиясы» атты монографиялардың қосалқы авторы. Сонымен қатар, ол жоғары оқу орындарына арналған көптеген оқу-әдістемелік  құралдарының авторы. Оның мақалалары «Вопросы языкознания», «Советская тюркология», «Советское востоковедение», «Народы Азии и Африки» атты танымал  журналдардың беттерінде жарияланды.
   Ш. Сарыбаев тілтанушы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы (1974), профессор (1979), Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1983), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985), ҚР Ғылым Академиясының академигі және ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген білім кайраткері, «Құрмет» (2000), «Парасат» (2006) ордендерімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Ш.Сарыбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның  ғылыми еңбектері мен монографиялары, сондай-ақ мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған  мақалалары  ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование