KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887092
2019 жылы:  20807
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.03.2015

   Әлем әдебиеті қызметінінің оқу залында  орыс жазушысы Петр Павлович Ершовтың 200 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  

Ершов Петр Павлович  жазушы, ақын және ағартушы. Ол 1815 жылы 6 наурызда Тобол ауданы, Ишим уезі, Безруков ауылында (қазіргі Тюмен облысы) дүниеге қелген. Әкесінің қызметіне байланысты Петропавлда (Казақстан), Омбыда, Березовта (қазіргі Ханты-Мансийскі автономиялық округінің Березов ауылы) тұрған. Ол 1824 жылы Тобол гимназиясына, ал 1830 жылы әкесінің Петербургке ауыстырылуына байланысты университетке түседі.
   1834 жылы «Конек-горбунок» атты өлеңді ертек жазады, және ертекті бүкіл Ресей оқырмандары таниды. Ең қызығы,  ертектің халыққа жол табуы болды, оны  әр жерлерде әркім өзінше айтатын болған. Ақын үшін бұл үлкен жетістік болды.
   Жазушы атақ-даңққа 19 жасынан ие бола бастайды. Оның қаламынан туындаған  «Конек-горбунокпен» еш салыстыруға келмейтін шығармалары - лирикалық өлеңдері, романтикалық поэмалары, драмалық әңгімелері басылып шығарыла бастайды. Ершов тумысынан ертекші болған. Алайда, өзіндік табиғи талантын тануына оның жастығы, сонымен қатар қоршаған ортасы да  әсер етеді.
   Сонымен бірге В.Г.Белинскийдің кереғар  пікірі де ауыр соққы әкелсе, кезекті екі жағдай да өз әсерін тигізеді. Біріншіден, Ершовқа ертек жазу жеңіл, әрі оңай болғанымен, шығарманың маңызын өзі де түсінбеген екен. Екіншіден, «Конек-горбунокқа» дейін  өзінің болашақ ғұмырын әдеби еңбекпен байланыстырмаған; ол туған өлкесін сүйгіш патриот болған, оны Сібірдегі ағартушылық қызметке деген құштарлық  қызықтырған.
   1834 жылы Ершов  Тобол гимназиясына мұғалім болуға өтініш береді, өтініші 1836 жылы қанағаттырылады. Осы кезеңде ол өзін лирикада («Молодой орел», «Русская песня» және т.б.), романтикалық балладалар («Сибирский казак») жанрында сынайды, өлеңді драмалық повесть («Фома-кузнец»), сиқырлы опералық либретто («Страшный меч»), «драмалық анекдот» («Суворов и станционный смотритель») жазады.
   1836 жылы Ершов  Тоболға кетіп,  өмірінің соңына дейін сол жерде өмір сүреді.  Бұл жерде «Сузге» поэмасы, қөптеген лирикалық және әзіл-сықақ өлендері, «Осенние вечера» атты әңгімелері, эпиграммалары жазылады.
   Ершов Петр Павлович Тоболда ағартушылық және тәрбиелік  жұмыстармен айналысқан. Ол бір ғана ертектің авторы емес, тамаша орыс ертекшісі, сирек кездесетін дарын иесі. Ол 1869 жылы 30 тамызда қайтыс болған.

Кітап көрмесіне  Ұлттық кітапхана қорынан жазушының әр жылдарда жарық көрген  шығармалары қойылған.

Кітап көрмесіне  шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование