KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887206
2019 жылы:  20921
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.03.2015

   2015 жылғы 11 наурыз, сағ. 15.00-де Көрмелер залында Сүлеймен Демирел атындағы университет ректорының ғылыми істер  жөніндегі кеңесшісі, белгілі әдебиетші ғалым, профессор Дандай Ысқақұлының «Мәңгілік майдан немесе тілдер тоғысындағы түркі әлемі», «Түркілік ортақ термин негіздері» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   С.Демирел атындағы университетте  орындалған екі іргелі еңбектің мазмұны әлемнің, түркі халықтарының, оның ішінде   қазақ халқының жаһандану дәуіріндегі тілдік, рухани бейнесі, түркілік ортақ тіл, ортақ әліпби, ортақ терминдер, ортақ рухани құндылықтары сияқты бүгінгі күннің аса маңызды  мәселелерін қамтиды.
   Қоғам алға басқан сайын сол қоғамда өмір сүріп отырған ұлттың тілі де, сол тілде жасалынған рухани құндылықтары да  қатар дамиды. Тіл де, мәдениет те тірі  организм секілді өмірде болып жатқан өзгерістерге орай, жаңғырып, жаңарып,  ұлттық дәстүрді жалғастырып  отырады. Халықтың тағдырына қатысты әрбір оқиға тілдің де тағдырына әсер етеді. Ұлт дамыса, оның тілі де дамиды, ұлт нашарласа, оның тілі де әлсірейді. Тіл тағдыры мен ұлт тағдыры - ажырамас егіз. Тілін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін  қорғай алмаған ұлт биікке шыға алмайды. Сондықтан да әрбір қоғам өзінің жарқын болашағын құруды алдымен тілін, сол тілде жасалынған рухани құндылықтарды  дамытудан бастайды. Басқа жолдың барлығы да күмәнді. Автор осы мәселелерге жауап іздейді.
   Дандай Ысқақұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық Айтматов Академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Ол Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы медальмен, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы алтын медальмен марапатталған. Ғалымның 23 кітабы , 600-ден аса мақаласы жарық көрген.

   Іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалижанов Уәлихан жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Сарбас Ақтаев, Ғаббас Қабышұлы, Өмірзақ Айтбай, Әнес Ғарифолла, Темірхан Тебеген, Мамай Ахет, Аляз Ахмет,  Жеменей Ислам,  Маралтай Райымбекұлы, Руда Закенова,  Сансызбай Мәдиев,  Асылы Осман.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Ұлттық кітапхананың оқырмандары,  БАҚ өкілдері.

   

  

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование