KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887127
2019 жылы:  20842
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.03.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» аясында «Бейбітшілік. Ынтымақтастық. Даму» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   2011 жылы 28 маусымда Қазақстан Республикасы жершарының төрт құрлығындағы 57 мемлекеттен құралатын дүниежүзіндегі ең ірі өлкелік үкіметаралық ұйымдардың бірі – Ислам Ынтымақтастық ұйымының  (ИЫҰ) төрағалығына енді. Қазақстан Тәжікстан мемлекетінен кейін Ұйымға төрағалық етуші  Орта-Азиядағы екінші мемлекет. Ұйымға Қазақстан 1995 жылы Ислам әлеміндегі саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық үрдістерге белсене қатысу мақсатында кірді. Қазақстан Ұйымға «Бейбітшілік. Ынтымақтастық. Даму» ұранымен төрағалық етті.
   Ынтымақтастық аясында Қазақстан Ислам қаржыландыру және Ислам банкі жүйесі туралы Заң қабылдап, болашақта Ислам қаржыландыру саясатының дамуына мүмкіндік туғызды. Қазақстан Ислам әлемінің дамыған мемлекеттеріне экономикалық қаржыландыру мақсатында ұзақ мерзімді бағдарламалардың қабылдауына ұсыныс берді және Ұйым мүшесі ретінде  Ұйымның іс-шараларына белсене араласып, оның әлемдік қоғамдастық алдындағы беделінің өсуіне, ислам әлемінің беделді де абыройлы форумы ретінде бұдан былай да нығаюына атсалысып келеді. Қазақстанда  ұйымдастырылған ірі  іс-шаралардың  қатарында VII-ші Бүкілдүниежүзілік Ислам  Экономикалық Форумы, Ислам ұйымына қатысушы-мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің III конференциясы, Ислам ұйымына білім, ғылым және мәдениет бойынша   мүше-мемлекеттердің (ИСЕСКО) қоршаған ортаны қорғау министрлерінің V конференциясы бар. Ислам мемлекеттері мәдениетті және мәдени әлеуетті дамыту, сонымен қатар қоғамды дамытудың мәдени көпжақтылық басымдықтарына қалалық, өлкелік және мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуді енгізді.
   2015 жылы Алматы қаласы – Ислам мәдениетінің астанасы болып белгіленді. Алматы қаласы Қазақстанның ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы,  рухани мәдениеті жоғары дамыған инфрақұрылымы бар ерекше дәрежелі қала ретінде  Еуразиялық құрлықтың орталығы болып табылады. Қала тарихы Жетісу арқылы ұлы сауда жолдарын, әлемдік өркениет пен мәдениетті тоғыстырушы, әсіресе мәдени-рухани құндылықтарымен, салт-дәстүрлерімен, діни наным-сенімдерімен, ғылыми және техникалық жетістіктерімен ерекшеленетін Қытайды Византиямен, Шығысты Батыспен байланыстырушы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан әлем мәдениетінің жаһандану үрдістерінің куәсі екенін баяндайды.
   Бүгінгі таңда Алматы қаласы – Қазақстан Республикасының  мәдени астанасы. Қалада  300-ден астам мәдениет ошақтары – мұражайлар, театрлар, көркем галереялар, филармониялар, концерттік мекемелер,  кітапханалар және т.б. бар. Бұдан тыс  115 тарихи және  сәулет ескерткіштері, бірқатар монументтер, Алматы қаласы және Алматы облысы аумағында 450-ге жуық  ислам дініне тән ғимараттар бар.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Алматы қаласының тарихы, мәдениеті, оның даму кезеңдерінің  қызықты фактілеріне қатысты әлем тілдерінде жарық көрген басылымдар ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование