KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887176
2019 жылы:  20891
бүгiн:  1
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.03.2015
   2015 жылғы 12 наурыз, сағат 15.00-де  Көрмелер залында  көрнекті ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Бейбарыс атындағы сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбековтің 70 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті.
 
   Медетбеков Темірхан 1945 жылы 6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының  Амангелді ауылында туған.
   1964 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет) филология факультетін  бітірген. Туған ауылында тіркеуші, аудандық газетте корректор, 1967-1971 ж.  қазақ телевидениесінде редактор, 1973-1976 ж. Маңғыстау облысының «Коммунистік жол» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1976-1985 ж.  Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, 1985-1986 ж. Республикалық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі, 1986-1987 ж. Маңғыстау облысы  «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, 1988-1991 ж.  «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің, Маңғыстау облыстық телеарнасының төрағасы, 1996-2003 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 2003-2006 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
   1970 жылы «Жанымның жас құрағы» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрді. «Сапар алдында» (1973), «Алыс шақырымдар» (1975), «Мәртебе» (1977), «Эфирдегі толқындар» (1980), «Көгершін қауырсындары» (1982), «Дауыс» (1984), «Сырым бар саған айтатын», «Тынышыңды алам дүние», «Абай әлемі» (1995), «Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар» (2001), «Көк түріктер сарыны» (2002) т.б. жыр жинақтарының, «Махамбет рухының монологы», «Күлтегін», «Тоныкөк» дастандарының авторы. Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар тілдеріне аударылған. Пушкин, Лермонтов, Якуб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Эркин Вахидов, Кулаковский сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ, Генрих Бельдің «Иесіз үй» романы мен В.Набоковтың бірнеше шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. 
   ҚР «Құрмет» орденімен және медальдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған. 
   Кешті  ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.
 
   Кешті белгілі ақын, Қазақстан Жастар одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов жүргізді.   
  Сөз сөйлегендер: Ө.Айтбайұлы, Д.Исабеков, М.Райымбекұлы, Ұ.Есдәулет, Б.Жақып, Ә.Несіпбаев, Ә.Мендіке, Ә.Қайырбеков, С.Сматаев, С.Оразбаев, Н.Балқияұлы, Р.Ниязбеков, С.Ақтаев, И.Қарымсақұлы, Қ.Құрманәліұлы, А.Әлімов, З.Темірханов, А.Ахмадиұлы.
   Ақын бірнеше өлең оқыды.        
                           
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
   Қатысушылар: белгілі ақындар, жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері.
    
  
 
  
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование