KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887094
2019 жылы:  20809
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.02.2015

   2015 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  «Алматы – ислам мәдениетінің астанасы» атты Халықаралық конференциясының Үшінші секция отырысы өтті.

   «Ислам – төзімділік пен рақымшылдық діні» секциясының жұмысына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Абдель  Ғани Басиюни, Анкара (Түркия) университетінің профессоры Кутлу Сонмез, Ташкент  ақпараттық технологиялар университеті гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Махкамова Н.Р., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Ғабитов Т.Х., Меңдіқұлова Г.М., Рысбекова Ш.С., Бәйтенова Н.Ж., Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері мен қала жұртшылығы қатысты.
   Секция модераторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Абдель Ғани Басиюни «Жастарды руханилықта тәрбиелеу» атты баяндамасында «Нұр-Мүбарак» университетінің Қазақстан мен Египеттің ғылым мен мәдениет орталығы және достық символы ретінде бекітілгенін атап өтті. 14 жыл уақыт ішінде университет көптеген ағартушылық пен мәдениетті дәріптейтін, кейіннен көбі білімдерін шет елдерде жалғастырған имамдарды даярлады. «Алматының осындай маңызды конференция өтетін орын ретінде таңдалуы – бұл біз үшін мақтаныш» - деп А.Ғ.Басиюни өз сөзінде атап өтті.
   Конференцияға қатысушылардың баяндамалары төзімділік пен рақымшылдықтың өзекті мәселелерінің ғылыми негізделген зерттеулері ретінде ұсынылды. Н.Махкамова ерекше атап өткендей, Түркістан аймағында «Мұсылман  білімінің барлық жүйесі мен рухани-адамгершілік тәрбиесі дін басыларының бірыңғай айрықша құзіреті болды, ал мұсылмандық заңтану тек еуропалық түсініктегі құқық туралы ғылым емес, сонымен қатар, діни құқық болып табылды... сондықтан да мешіт қызметшілері, мектеп және медресе оқытушылары, мұсылман заңгерлері ... діни сауатты болды... Құранды, шариғат заңдарын жетік меңгерді...». Профессор Г.К.Ғабитов «Егер мәдениет қоғамдық өмірдегі дін сияқты маңызды саланы қамтымаса, ол толық болмайды» деп атап өтті. ...Егер мәдениетті бұл әлемде адамның бар болу тәсілі ретінде қарастырсақ, онда дін бұл жаратылысқа мазмұндылық пен тұрақтылықты хабарлаушы күш. Профессор Н.Ж.Байтенова Батыс Еуропаның талдау қызметтері ағылшындардың, немістердің және 300 мыңнан астам этникалық француздардың исламды қабылдауларын мойындап отырғаны туралы  деректі атап көрсетті. Діни көші-қон және қажылықтың жаңа үлгісі туралы мәліметтерді профессор Г.Меңдіқұлова айтып өтті, ал профессор Ш.С.Рысбекова өз баяндамасында Қазақстанда «...халықтық дәстүрдің, ұлттық менталитеттің және де өзгеше саяси ахуалдың да салдарынан исламның ерекше моделі пайда болды» деп көрсетті.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование