KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887193
2019 жылы:  20908
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.03.2015

   2015 жылғы 13 наурыз, сағ. 15.00-де Көрмелер залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Әбілқасым Сәрсенбаевтың «Ұлт тұлғасы – Мұстафа Шоқай» және «Мұстафа Шоқай суретші көзімен» атты кітап - альбомдарының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Шараның мақсаты: Ұлт тарихын ардақтаған осындай жан-жақты ізденістен туындаған шығармашылық арқылы барша қауымды көрнекті тұлғаның ерекшеліктерімен етене таныстыру, көркемдікті дәріптеу, рухани ізгілікті нығайту. 
   Алғашқы кітапта ұлт мүддесіне өмірін арнаған, халқымыздың бірлігі мен еркіндігін мұрат етіп, азаттық үшін күрескен күллі түркі дүниесінің көсемі Мұстафа Шоқайдың сан қырлы өмірі тың деректермен, көркем тілмен баяндалады. «Мұстафа Шоқай суретші көзімен» атты кітап-альбомы ұлы тұлғаның мәңгі идеялары мен саяси қызметін қылқаламның құдіретті күшімен беріп, сол өткен тарихи кезеңдерді көз алдыңызға әкеледі.
   Суретшінің 2011 жылы Стамбулда «Ұлт тұлғасы – Мұстафа Шоқай», 2013 жылы Парижде «Мұстафа Шоқай жолымен» атты жеке шығармашылық көрмесі мен кітаптардың тұсаукесері табысты өткізілді. Осындай рәсімдер бұған дейін де шығарма авторының туған жері Қызылорда облысының Шиелі ауданында және Алматы қаласында ұйымдастырылып, көпшіліктің ықыласына бөленген.

   Іс-шараны  ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.

   Тұсаукесерді Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахетов жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: А.Ақатаев, А.Жұмаділдаев, М.Нәлібаев, Қ.Түменбай, Б.Байділда, М.Садықов, Ж.Перстенов, М.Тұрғынбаев, Д.Ысқақұлы, А.Аляз.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Мұстафа Шоқайдың өмірі мен еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жаңа басылым кітапхана қорына сыйға тартылып, автор қатысушыларға қолтаңбасымен кітаптар таратты.

   Қатысушылар: белгілі сүретшілер, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Ұлттық кітапхананың оқырмандары,  БАҚ өкілдері.

   

  
 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование