KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887045
2019 жылы:  20760
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.03.2015

   2015 жылғы 19 наурызда  сағ. 10.00-де Көрмелер залында Қанат Тасыбековтың «Ситуативный казахский. Мир казахов» атты кітабының электронды нұсқасының таныстырылымы өтті.

   Аталған еңбек алғаш рет 2012 жылы 1000 данамен шыққан еді. Қазіргі кезде 15 000-нан астам данасы сатылған. Басылым қазақстандықтардың өзіндік танымын  арттыруға әсер еткен 100 үздік кітаптың қатарына енген. Авторы қазақ тілін оқып-үйретуді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған. Кітап оқырмандармен  қатар  мәдениет, білім, ғылым саласындағы  қайраткерлердің жоғары бағасына ие болды.
   Енді кітап қазақ тілін үйренемін дегендер үшін интернетте тегін қолжетімді болмақ. Баспасөз мәслихаты барысында Сіздер бұл қалай мүмкін болғанын біле аласыздар. Ол неге қазірге дейін өзекті.
   Кітап туралы:
   «Ол кітапты орыс тілді адамдар үшін жазды. Бірақ автор көздеген мақсаттарынан да асып түсті. Ол кітабының атауын сәл ғылыми:  «Ситуативный казахский» деп атады – мұндай атаумен ол оның аясын шектеп, лингвистикалық-методологиялық шеңбердің ішінде қалдырған. Мен бұл еңбекті: «Қазақ әлемі» деп атайтын едім. Мұнда қазақ тілі, қазақтың ойлау дәрежесі, дүниетанымы, рухани танымы орыс тілінде беріле отырып, кең ашылған».
                                                                                                                                                Герольд Бельгер


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование