KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887038
2019 жылы:  20753
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.03.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналған  «ЮНЕСКО – 70 жыл» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   ЮНЕСКО (UNESCO — The United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылған. Штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бүгінгі күнде Ұйымға 195 мемлекет мүше және 8 серіктес мемлекет, 182 мүше-мемлекеттер өкілдік етеді, сонымен бірге 4 тұрақты бақылаушы және 9 үкіметаралық ұйымдардың тапсырмаларын бақылаушы елдер бар. Ұйым құрамына әлемнің әртүрлі бөлігінде орналасқан 60-тан астам бюролар мен бөлімшелер кіреді.
   Ұйымның ресми жарияланған негізгі мақсаты – мемлекеттер мен халықтардың  білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын нығайту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейтуге атсалысу. БҰҰ Жарғысында  көрсетілгендей,  жалпыға бірдей  халық үшін нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан әділеттілік пен заңдылықты сақтауды, адам құқығы мен негізгі еркіндіктерін құрметтеуді қамтамасыз ету.
  Қызметінің негізгі бағыты бес бағдарлама шеңберінде іске асырылады: білім, жаратылыстану ғылымы, әлеуметтік және қоғамдық ғылымдар, мәдениет, коммуникация және ақпарат. 2008 жылдан  бастап өтпелі тақырыбы – Африка және гендерлік теңдік болып жарияланған.
   ЮНЕСКО-ның мәдениет саласындағы басты жұмысы адамдардың өзара қарым-қатынасына негізделген мәдениеттің әртүрлілігіне ықпал ету. Ұйым барлық адамзатқа құнды  әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғаудан түрлі материалдық емес мәдени мұралар мен ауыз әдебиетінің көрнекті туындыларын қорғауға көшті. ЮНЕСКО-ның мәдениет саласындағы тағы бір жағы қарулы қақтығыстар болып жатқан жерлерде мәдени нысаналарды қорғау болып табылады. ЮНЕСКО-ның  мәдени бағыттағы бағдарламалары ішінде  Әлемдік мұра, Материалдық емес мәдени мұра, Суасты мәдени мұралары бағдарламалары бар.
   ЮНЕСКО өз құзыреті аясында халықаралық сыйлықтар тағайындайды, сонымен қатар  халықаралық күндерді, жылдар мен онжылдықтарды атап өтеді, маңызды халықаралық еске алынатын күндерді тойлауға ат салысады.
   ЮНЕСКО ұйымы мен Әлемдік мұра нысаналарына әртүрлі  елдердің, соның ішінде БҰҰ-ның көптеген маркалары арналған.
   Біздің елімізде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Ұлттық комиссиясы  білім беру, ғылым, мәдениет және коммуникациялар салаларында жұмыс iстейтiн мемлекеттік органдардың, мекемелердiң және қоғамдық ұйымдардың ЮНЕСКО-ның халықаралық және аймақтық бағдарламаларына қатысуын жүзеге асыратын, сондай-ақ ЮНЕСКО хатшылығымен және ЮНЕСКО органдарымен байланыс жасайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ведомствоаралық консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.

   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ЮНЕСКО қызметі туралы әр жылдардағы материалдар қойылған.

   Көрмеге шақырамыз!

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование