KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065368
2019 жылы:  130903
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2015

   2015 жылғы 19 наурызда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстандық-гректердің тарихы» дөңгелек үстелін өткізу және Қазақстанның белгілі сәулетшісі С.Г.Космеридидің «Сын Казахстана и Эллады» атты жинағының тұсаукесері аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты көшпелі кітап көрмесін  ұйымдастырды.

   Қазақстан бүгінде көптеген елдер үшін келісім мен бірліктің үлгісі болып табылады. Этникааралық толеранттық және қоғамдық келісімді сақтау Тәуелсіз Қазақстанның айрықша басты және талассыз жетістіктерінің бірі болды. Ұлттық тұтастықты нығайту біздің еліміз бен біздің халқымыздың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
   Ғылыми-техникалық құжаттамалардың орталық мемелекеттік мұрағаты, Алматы қаласының ҚХА Хатшылығы және Қазақстан гректерінің этномәдени бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында «Қазақстандық-гректердің тарихы» атты дөңгелек үстел және сәулетші С.Г.Космеридидің жеке қоры негізінде дайындалған «Сын Казахстана и Эллады» жинағының тұсаукесерін өткізді.
   Қазақстанның белгілі сәулетшісі Спиридон Георгиевич Космериди 25 жыл бойы Алматы қаласындағы «Эос» этномәдени   бірлестігін басқарады. Оның тікелей қатысуымен қалада «Әсем» Тұрмыс үйі, М.Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы (қазіргі Орталық мәдениет және демалыс саябағы), республикадағы алғашқы «Спартак» спорт кешені, Қазақстанның ЛКЖО ОК ғимараты (қазіргі Қазақстандағы БҰҰ-ның өкілдігі) сияқты бірегей ғимараттар мен кешендер және т.б. тұрғызылды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1978 жылы оған «Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі» құрметті атағы берілді. 
  Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасындағы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қорынан Қазақстан аумағында тұрып жатқан грек халқының тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетінің дамуын, дәстүрі мен өнерін көрсететін әдебиеттер ұсынылған.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование