KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887012
2019 жылы:  20727
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2015

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Қазақстан мұғалімі» газетінің 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.    

   «Қазақстан мұғалімі» газеті – республикалық педагогикалық газет, бастауыш  және орта  мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу орындарының  студенттеріне арналған. Алғашқы  нөмірі Қазақстан Халық ағарту комиссариатының органы ретінде  1935 жылы 20  наурызда «Төте оқу» деген  атпен жарық көрген. 1939 жылы атауы «Сауатты болуға көмекші»  болып өзгертілді. 1940 жылы латын графикасынан  кириллицаға  көшуге байланысты «Жаңа жазу»  деп аталды. 1952 жылдың қараша айынан бастап  «Қазақстан  мұғалімі» атауымен шығып  келеді. Газетті жасауға Қазақстан қоғам  қайраткерлері:  С.Жантілеуов, Б.Исабеков,  Б.Саматов, Ж.Әубекеров қатысты.
   Газеттің  мақсаты -  мұғалімдер мен  мектеп оқушыларына  әдістемелік көмек  көрсету. Қазіргі уақытта газет айына  екі рет шығады. Газет педагогикалық озық  тәжірибелерді, педагогикалық ғылымның жетістіктерін, жалпы білім беретін  мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс балалар мекемелері, жоғары,  орта педагогикалық мекемелер, кәсіби-техникалық училищелер оқушыларының  білімдері мен тәрбиелерінің мәселелерін көтереді.
   80 жылдың ішінде бас редакторлар бірнеше рет ауыстырылды:
1952 – 1955  Омарғали Құдышев
1955 – 1960  Зейтін Ақышев
1960 – 1962 Төлеутай Ақшолақов
1962 – 1987  Зейнолла Бейсенбаев
1987 – 1994 Жанәбіл Темірбеков
1994  жылдан осы уақытқа  дейін  Мынажадин Сермағамбетов
   Көрмеде газеттің  қалыптасу және даму тарихы туралы мақалалар ұсынылған.  
Көрме көпшілік оқырман қауымға арналған.

   Көрмеге шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование