KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065629
2019 жылы:  131164
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының құрылғанына 80 жыл толу құрметіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы – республика сәулетшілерінің ерікті шығармашылық ұйымы. 1935 жылы құрылған. Одақтың  мақсаты – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға қалаларды және басқа да елді мекендерді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, қоғамдық, мәдени-тұрмыстық құрылыстарын жобалауға және салуға белсенді түрде жәрдемдесу, өз мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру.
   Басқару органы – съезд, съездер аралығында – басқарма. Алғашқы Басқарма  төрағасы  қазақтар арасынан шыққан тұңғыш кәсіби сәулетші, республиканың сәулет-құрылыс істерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның жоғары ұлттық сәулет мектебінің негізін қалаушы Төлеу Құлшаманұлы Бәсенов болды.
   Қазақстанның кең танымал сәулетшілерінің ішінде: Қалдыбай Жұмағалиұлы Монтақаев - Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО халық сәулетшісі (Қазақстанда жалғыз), көптеген бірегей нысандардың: Алматы қаласындағы Жаңа алаң, Әкімшілік ғимараты, ҚР Президентінің Бірінші резиденциясы, Астанадағы Конгрессхолл, әуежай және басқа да нысандардың авторы; Шота Ыдырысұлы Уәлиханов - Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы, «Универсам» дүкені жобасының, Ш.Ш. Уәлиханов, Ә.Жангелдин, Ғ.Мұратбаев ескерткіштерінің, ҚР Мемлекеттік елтаңбаның, Тәуелсіздік монументі және т.б. авторы; Сәрсембек Ендібайұлы Жүнісов - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Астана қаласының бас сәулетшісі, Астана қаласындағы Есіл өзенінің  сол жағалауындағы Жаңа әкімшілік орталығының қала құрылыстық идеялары авторларының бірі.
   Қазіргі таңда ҚР Сәулетшілер одағының президенті - Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, бірнеше үздік нысандардың, оның ішінде Астанадағы «Бәйтерек» құрылысының авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков.

   Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхананың қорынан ұлттық сәулет және ҚР Сәулетшілер одағы туралы кітаптар, газет-журналдар ұсынылған. 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование