KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886974
2019 жылы:  20689
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ ақыны, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтың 80 жылдығына арналған   «Сағындырған көктемдер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тұманбай Молдағалиев (1935-2011) 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Жарсу» ауылында туған. 1956 жылы С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) атындағы  Қазақ   мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
   Т.Молдағалиев еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде қызметкер болудан бастады. 1956-1959 ж. - «Пионер» журналының әдеби қызметкері, 1959-1971 ж. - «Жазушы» баспасының редакторы, аға редакторы, 1971-1973 ж. - «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1973-1975 ж. – «Жазушы» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер редакциясының бас редакторы, 1976-1984 ж. - «Жалын» альманахының бас редакторы, 1984-1986 ж. - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1986-2011 ж. - «Балдырған» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
   Тұманбай Молдағалиев – табиғат пен махаббатты жырлаған ақын. Поэзияға ол 1950  жылдардың ортасында келді. 1954 ж. ақынның «Украин қызына» атты тұңғыш өлеңі, 1957 жылы «Студент дәптері» атты алғашқы поэзиялық кітабы жарыққа шықты. Кейіннен «Кәмила» (1960), «Көктем таңы» (1961), «Алатау қызы» (1963), «Зулайды күндер» (1965), «Жүрегім менің сапарда» (1966) және т.б. өлеңдер, поэмалар және  әндер жинағы жарық көрді. 1968 жылы «Жаңа дәптер» кітабы үшін ақын Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Орыс тілінде «Я – сын Семиречья» (1962), «Первая встреча» (1968), «Новая тетрадь» (1969), «Думы джигита» (1975) өлеңдері жарық көрген.  Ақын балаларға да арнап «Етекбай атам үйінде», «Арман мен бота» атты кітаптар жазды.
   Тұманбай Молдағалиев Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік әнұранының бірлескен авторы. Ақын көптеген әндерге өлеңдер  жазған. Оның сөзіне жазылған «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем», «Ертіс вальсі» және т.б.  әндері кеңінен танымал.
   Ақын көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол орыс және шетел әдебиеті классиктері: М.ЮЛермонтов, Т.Г.Шевченко, О.Туманян, Г.Гуляма, Р.Гамзатов, С.Капутикян, Д.Байрон және тағы басқалардың бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды.
   1992 жылы Түркияның Бурса қаласында поэзия  мүшәйрасы өтіп, онда Т.Молдағалиевке Физули атындағы Халықаралық сыйлық берілді. Көптеген шығармалары ТМД мемлекеттері халықтарының тілдеріне аударылған.
  «Парасат» орденімен (2004), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен  марапатталған, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1968), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1982) және Физули атындағы Халықаралық сыйлықтың (1992)  лауреаты.

   Кітап көрмесінде Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның шығармалары, туыстары мен достарының естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование