KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887062
2019 жылы:  20777
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.03.2015

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Наурыз көктем мерекесіне арналған «Наурыз  ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Наурыз – жыл басы және   парсы тілдес және  түркі тілдес әлем халықтарында көктемгі күн мен түннің теңелу мейрамы.Барлық уақыттарда көктемнің келуі   ең қуанышты оқиғалардың қатарында болды. Күн жылынып, жердің күбесі сөгіліп, табиғат оянады.
Диханның қызу тіршілігі басталатын мезгіл.
   2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» деп жарияланды. Қазақстанда Наурыз – мемлекеттік және ұлттық мереке және «Ұлыстың ұлы күні» деген атауға ие болып, көктемгі жаңарудың, салтанаттың, махаббаттың, шұрайлылық пен достықтың мерекесі және де көптеген салт-дәстүрлер Наурызбен байланысты.
   Ертеректе Наурыз  басталғанша адамдар өздерінің үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, ағаштар мен гүлдер отырғызған. Наурыз мерекесі таза үйге, жақсы үй иесіне келеді, аурулар, сәтсіздіктер, қиындықтар оны айналып өтеді деп есептелген. Бұл күні адамдар ұлттық және мереке  киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа барып, келер жылға  амандық және молшылық тілеп, өзара құттықтайды. Дәстүрлі  ұлттық тағам «Наурыз көже» әзірлейді. Наурызда ырыс-берекенің нышаны ретінде мол ас дайындалады.            Дастарханның басты дәмі дәстүрлі ұлттық тағам «Наурыз көже». Мерекеде театрландырылған қойылымдар, концерттер, халықтық сайран және көпшілік ойындар: алтыбақан, қазақша күрес,  дәстүрлі бәйге, көкпар, қыз қуу өткізіледі. Сонымен қатар, суырып салма ақындар өз шеберліктерін көрсететін ақындар айтысы болады. Осы айда дүниеге келген сәбиге ырымдап «Наурыз» сөзінен туындаған  есімдерді қою қалыптасқан.
   2009 жылдың қыркүйегінде Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес  мәдени  мұрасының репрезентативтік тізіміне   енгізілді.
   Наурыз мерекесі көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтың сүйікті мерекесі. Ежелгі мереке ежелгі дәстүр жалғастығын сақтай отырып қазіргі өмірімізге етене енген.

   Кітап көрмесінде Наурыз мейрамының шығу тарихы мен Қазақстан  халықтарының оны мерекелеуі туралы мәліметтер қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование