KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887000
2019 жылы:  20715
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.04.2015

   2015 жылғы 3 сәуір, сағат 11.00-де «Мұхтар Әуезов әлемі» атты толықмәтінді электрондық кітапханасының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Мұхтар Әуезовтің ғылыми бөлмесі (Сарапшы М.М.Әуезов), ҚР БҒМ Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Әуезов үйі» Ғылыми-мәдени орталығы (Директоры Д.А.Қонаев).
   Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, ғалым, педагог, қоғам қайраткері, энциклопедиялық білімді және ғұлама адам, ол замандастары мен ұрпақтарының санасына осылай енді.  Жиырмадан астам пьеса, көптеген тамаша әңгімелер мен повестер, операларға либреттолар мен киносценарийлер жазды. Оның шығармашылығының шыңы ұлы Абай туралы төрт томдық эпопея болып табылды. Бұл шындыққа, үндестікке және өзінің көп азап шеккен  қазақ халқына деген шынайы махаббатымен оны терең рухани іздену және ұдайы жетілдіру жолымен өзін-өзі тануға алып келді. Ол барлық түркі, орыс және парсы тілдерінде сөйледі, қазақ әдеби және гуманитарлық-ғылыми тілін ғаламат биіктерге көтерді. Оның шығармалары Пекин мен Стамбулдан бастап, Париж бен Нью-Йоркке дейін ізгілікпен қабылданады. 
   «Мұхтар Әуезов әлемі» электрондық кітапханасы ресейлік «Весь Толстой в один клик» бірегей жобасымен бір уақытта ойластырылған болатын. Осындай ірі мәдени оқиға заманауи Ресей өмірінде еленбей қалмады, жобаға әлемнің 49 елінен 3000 адам қосылды. Ресейлік жобада Лев Толстойдың 90 томдық шығармалар жинағының эталондық электрондық нұсқасы жарияланған. 2014 жылы Украинаның Ұлттық Парламенттік кітапханасы Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толуына орай «Твой Шевченко» Электрондық кітапханасын ұсынды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы украиндық әріптестеріне өздерінің қорларынан цифрланған материалдарды берді, қазір «Твой Шевченко» электрондық қорына материалдар іздестіру және толықтыру жұмыстары жалғасуда.
   «Мұхтар Әуезов әлемі» электрондық кітапханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында орналасқан. Ақпараттық ресурстың негізгі мақсаты – Мұхтар Әуезовтың  әдеби мұрасына бірыңғай қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлемдік және отандық қауымдастықтарды  қазақ классигінің шығармашылығымен таныстыру,  ұлы жазушының өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту.
   «Мұхтар Әуезов әлемі» электрондық кітапханасы – М.Әуезовтің шығармалары, аудармалары мен әлем халықтары тілдеріндегі шығармаларының басылымдары ұсынылған, замандастары мен белгілі қоғам қайраткерлерінің оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктері жинақталған құжаттардың бірегей, біріктірілген электрондық ресурсы. Жобаның тұғырнамасы – Мұхтар Әуезовтің 50 томдық толық академиялық шығармалар жинағы. Академиялық басылымда ұлы сөз суретшісінің қаламына тиесілі ғылыми еңбектер, көркем шығармалар, мақалалар, киносценарийлер, хаттар мен зерттеу жұмыстары жинақталған. Сонымен қатар, электрондық ресурстың негізіне Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің жеке мұрағатынан алынған материалдар, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының цифрланған қолжазбалары, сондай-ақ Ұлттық кітапхананың қорынан бай топтамалар енді. Жазушының бұрын жарияланбаған қолжазбалары, жеке хаттары мен суреттері, бейне-, аудио материалдар сайт пайдаланушыларының ғылыми қызығушылықтарын тудыратын болады. Электрондық топтамаға кітаптар, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар енгізілген,  авторлары танымал қазақстандық және шетелдік  ғылым және мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер мен журналистер.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.
   Тұсаукесерді көрнекті мәдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүргізді.
   Электронды кітапханамен таныстырғандар: Б.Қ.Оспанова, Н.А.Искалиева, А.Айтбаева, А.Баянова.    
   Сөз сөйлегендер:  С.Ғаббасов, С.Ананьева, Ж.Мұстафина, Д.Қонаев, Ж.Намазбаева, Л.Ауезова, Г.Тәшімбек, Б.Сүтжанов, Б.Амантайұлы, Г.Разакова.

   Қатысушылар: белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орнының студенттері, БАҚ өкілдері.

   

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование