KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061258
2019 жылы:  126793
бүгiн:  663
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.04.2015

   2015 жылғы 7 сәуір, сағ. 15.00-де Көрмелер залында көрнекті тілші-ғалым, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбайұлының «Қазақ терминологиясының мәселелері», «Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары», «Тілтірес», «Тілғұмырлар», «Основы казахской терминологии» атты 5 томдық таңдамалы еңбектерінің тұсаукесері өтті.

   «Қазақ терминологиясының мәселелері» атты алғашқы кітапта терминологияның тіл құрылымындағы рөлі, жүз жылға таяу тарихы, жасалу көздері мен принциптері, әдеби тілді дамытудағы орны және т.б. өзекті мәселелер сараланып, ғалымның тың көзқарастары ұсынылады.
   «Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары» кітабында тіліміздегі тұрақты фразеологизмдердің және ауыспалы, астарлы мағынадағы перифраздардың әр алуан қолданыс ортасындағы табиғаты сөз болады.
   «Тілтірес» атты кезекті томда қоғам қайраткері Ө.Айтбайұлының мемлекеттік тілді қалыптастыру хақындағы ойлары мен Халықаралық «Қазақ» тілі қоғамының тілмайданындағы ширек ғасырлық қызметі жан-жақты баяндалады.
   «Тілғұмырлар» кітабында А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов бастаған тілші-ғалымдар, С.Сейфуллиннен бастап І.Жарылқаповқа дейінгі тілжанашырлары туралы ғылыми дәйегі жоғары әрі көркем эссе тұрғысынан жазылған құнды еңбектер топтастырылған.
   «Основы казахской терминологии» атты соңғы томға ғалым еңбектерінің орыстілді аудиторияға ұсынған басты-басты ғылыми тұжырымдары, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы баяндама, сұхбаттары енгізілген. Сондай-ақ ғалым еңбектерінің  толық библиографиясы мен фотоиллюстрациялар да қамтылған. 

   Кешті Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.
   Тұсаукесерді - «Арыс» қорының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес жүргізді.  
  Сөз сөйлегендер: М.Малбақов, Е.Омаров, К.Құрманғалиев, Е.Қажыбек, М.Ахет, М.Қойгелдиев, Д.Исабеков, Т.Медетбек, А.Осман, Д.Ысқақұлы. Е.Смағұлов,  К.Өмірзақ ән шырқады.

  Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Ө.Айтбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері.
 

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование