KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886996
2019 жылы:  20711
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.04.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында қазақтың халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нартай Бекежановтың 125 жылдығына арналған «Сырнаймен саз төккен саңлақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бекежанов Нартай (1890-1955 ж.) Қызылорда облысы Шиелі ауданының Бестам ауылында туылған. Нартайдың репертуары едәуір бай болды. Өзінің мықты, әдемі даусымен ол «Құлыншақтың әнін», «Қалжанның әнін», «Қараторғайдың әнін» және өзінің ұстазы, ақын Тайжан Қалмағамбетовтің көптеген әндерін шебер орындады. Халыққа ең көп таралған әндерінің бірі -«Нартайдың әні» бізге отызыншы жылдардың басында белгілі болды. 1934 жылдың маусым айында Алматыда өткізілген Бірінші Бүкілқазақстандық слетте Жаппас Қаламбаев «Нартайдың әнін» қобыздың сүйемелдеуімен орындады. Бекежановтың танымалдығы күннен-күнге арта түсті. Ол әнші ретінде өнер көрсетті, лирикалық және патриоттық әндерді орындады, домбырада және гармоньда ойнады, өзге әншілерді сүйемелдеді, ансамбльдің репертуарын анықтады, әртістердің өз рөлдерін табуларына көмектесті, дайындықтар жүргізді, мәнерлеп оқуға өлеңдер жазды, конферансье ретінде бірнеше рет өнер көрсетті. 1937 жылы Нартай Шиелі аудандық мәдениет бригадасын басқарды. 1943 жылы Алматыда Шашубай, Кенен, Қалқа, Нұрлыбек және т.б. көптеген танымал ақындар қатысқан ақындар айтысы болды. Айтысқа Нартай да қатысып, Нұрлыбек ақынмен сайысқа түсті. 1942 жылы поэзиядағы еңбегі үшін Нартай Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесіне қабылданды. Ол қазақстандық жазушылардың бірінші және екінші съезінің жұмысына қатысты. 1939 жылы Мәскеуде ХШЖК-де болған концертке қатысып, өзінің «Ленин Мавзолейіне» әнін орындады. Мәскеу көрермендері Нартайдың орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады. Нартай, сонымен қатар, 1936 және 1949 жылдары Мәскеуде өткізілген қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1939 жылы Қазақстан Үкіметі Нартайға «Қазақ КСР-нің  еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағын берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы белсенді жұмысы үшін, еңбеккерлерді патриоттық рухқа тәрбиелеудегі еңбегі үшін Нартай көптеген медальдармен марапаталды. Қазақ КСР-нің 25 жылдығына байланысты ол «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Нартай Бекежановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование