KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886997
2019 жылы:  20712
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.04.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында француз жазушысы Эмиль Золяның (1840-1902) 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Э. Золя 1840 жылы 2 сәуірде Париж қаласында итало-француздық отбасында дүниеге келді. Эмиль балалық және мектептегі жылдарын Экс-ан-Прованседе өткізді. 1862 жылдардың басында Эмиль «Ашет» баспасына жұмысқа орналасып, төрт жылдан кейін, ол өзінің тіршілігін әдеби еңбекпен қамтамасыз етем деген үмітпен жұмыстан босатылды. Золя  1865 жылы қатал, әлсіз бүркемеленген өмірбаянын - «Исповедь Клода» атты алғашқы романын жариялады. Кітап оған даулы танымалдық әкелді.
   Шамамен 1868 жылы Золяда бір отбасына арналған романдар сериясын жазу туралы ой туды. Э. Золя бір отбасы мүшелері жайлы кітаптар сериясын жасаған алғашқы романист болды. Золяның цикл құрылымын таңдауындағы бір себеп, тұқым қуалаушылық заңының әрекетін көрсеткісі келгені. Роман сюжеттерінің әртүрлілігі Екінші империя кезеңіндегі француз өмірінің көптеген жақтарын көрсетуге мүмкіндік берді. «Ругон-Маккары» - жинақтың соңғы томында қайтыс болатын, жүз жасқа келіп және толықтай ақылынан адасқан ақымақ әйелдің ұрпақ болып табылады. Оның балаларынан - біреуі заңды және екеуі заңсыз – жиырма томдық эпопеяда тарихы ашылатын үш ұрпақ тарамы  бастау алады. Серияның бірінші кітабы үлкен қызығушылық туғызған жоқ, есесіне «Западня» атты жетінші томы Золяға  үлкен табыс  пен   даңқ әкелді. Серияның келесі  романдары үлкен қызығушылықпен қабылданып, оларға бірдей  сын айтылып,  мадақталды.  «Ругон-Маккары» циклының жиырма томы Золяның басты әдеби жетістігін көрсетеді, дегенмен Золяның ертерек жазылған  «Тереза Ракен» (1867) – кісі өлтіруші мен оның сыбайласына өкініш сезімдерін ұғындырған терең зерделеу екенін атап көрсету керек.
   «Добыча» (1871), «Деньги» (1891) романдарында  жер меншігі және құнды қағаздармен алыпсатарлық жасау туралы айтылады.
  «Жерминаль» (1885) - Э. Золяның Солтүстік Францияның кен орындарындағы  шахтерлердің көтерілісіне арналған ұлы шығармасы. «Земля»  (1887) шығармасында  шаруалардың  өмірі баяндалады. «Человек-зверь» (1890) -  теміржол жұмысшыларының өмірі сипатталады және «Разгром» (1892) – француз әдебиетіндегі  франко-пруссия соғысы бейнеленген   алғашқы  ірі әскери роман. Өмірінің соңғы жылдарында Золя тағы  екі цикл жасады, олар аяқталмай қалды:  «Три города» (1894–1898) – «Лурд», «Рим», «Париж» және «Четыре Евангелия»-ның (1899–1902)   (төртінші томы жазылмады). 
   Цикл аяқталар уақытта (1903) Золя әлемдік танымалдылыққа ие  және көпшіліктің пікірі бойынша  В. Гюгодан кейінгі  Францияның  ең ірі жазушысы болды. 
   1902 жылғы  қыркүйекте  Золя өзінің  Париждегі пәтерінде кенеттен қайтыс болды.

   Кітап көрмесіне Ұлттық кітапхананың қорынан жазушының  шет тілдеріндегі әр түрлі  шығармалары қойылған. 

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование