KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061216
2019 жылы:  126751
бүгiн:  621
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.04.2015

   2015 жылғы 9 сәуір, сағ. 11.00-де Ұлттық кітапханасының фойесінде  «Елбасы» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті.

   Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы отандық және шетелдік басылымдармен кеңінен таныстыру.

   Алты бөлімді («Елбасының өмірі мен қызметі», «Елбасының еңбектері», «Елбасы еңбектері шетел тілдерінде», «Елбасының қызметтері», «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы», «Көшбасшылық жолы») көрмеде қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 3000-нан астам басылым ұсынылған. Онда  Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған.

  Іс-шараны Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.
   Сөз сөйлегендер: К.Матыжанов, Ж.Ерман, С.Елубай, С.Ғаббасов және т.б.

  Қатысушылар: жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері,  кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

    

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование