KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887052
2019 жылы:  20767
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.04.2015

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің ғалымдар залында Қазақстандағы Ғылыми қызметкерлер күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстанда ғылымның пайда болуы Орал мадәрігерлік станциясы (1897), Красноводопад тұқым шаруашылығы станциясы құрылған ХХ ғасырдың бас кезінен басталды (1909). Кейіннен олардың қатарына Орал тәжірибелік ауылшаруашылық станциясы (1914), Алматы санитарлық-бактериологиялық  институты қосылды (1925).
   1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрылды. 1946 жылғы 31 мамырда Қазақстанның директивті органы «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру туралы» Қаулы қабылдады. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұнғыш Президенті  болып көрнекті ғалым және қазақ халқының мақтанышы Қаныш Имантай Сәтбаев тағайындалды. Сонымен қатар, Қазақстанның көрнекті ғылым, техника және мәдениет қайраткерлері: М.О.Әуезов, А.Б.Бектұров, И.Г.Галузо, А.К.Жұбанов, С.К.Кеңесбаев, Н.Т.Сәтпаев, Н.Т.Сауранбаев және басқалар енген Ғылым Академиясының алғашқы құрамы бекітілді.
   Ғылым –  адамның білім алуды жүйелеу және тексеру бағытындағы, дәлел мен эмпириялық тексеруге жол берілетін   қызметтің бір саласы. КСРО кезінен Қазақстанда ірі ғылыми-өндірістік мекемелер болды. Республикамызда тәуелсіздік  алумен, Қазақстанның  егеменді мемлекет ретінде  қалыптасу міндеттеріне сәйкес, ғылымның дамуына жаңаша тәсілдер қалыптаса бастады.
   2003 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Академиясы» қоғамдық  бірлестігі құрылды. Ғылым Академиясының басты рөлі – ғылымның дамуы мен отандық өндірістің технологиялық қайта қарулануының стратегиялық болжамдарын жасау.
   Елбасы Қазақстан халқына  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену бойынша нақты міндеттерді анықтап берды. Бұл үдеріске Қазақстан ғылымы салмақты үлес қосуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ғылымды қажет ететін экономиканы құру – бұл бәрінен бұрын қазақстандық ғылымның әлеуетін көтеру» − деп атап өтті.
   ҚР Білім және ғылым миністірлігі мемлекеттік ғылыми және  ғылыми-техникалық саясаты жүзеге асыратын республикалық орган болып табылады.

   Кітап көрмесінде отандық ғылымды дамыту және Қазақстанның  көрнекті ғалымдары, сондай-ақ ежелгі Шығыстың танымал ойшылдары туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование