KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061299
2019 жылы:  126834
бүгiн:  704
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.04.2015

   2015 жылғы 15 сәуір, сағат 10.00-де  ҚР Ұлттық кітапханасының «Парасат» жастар клубының әдеби кеші өтті.

   Клубтың құрылу мақсаты − жастарды оқуға, кітапқа тарту, олардың зияткерлік деңгейін көтеру және дамыту, өскелең ұрпақты шығармашылыққа ынталандыру, жастарға қазақстандық әдебиетті таныстыру және насихаттау болып табылады.

   Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.
  Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің бастамасымен ұйымдастырған «Парасат» клубының аясында өткізілді. Кеш бағдарламасында жастар Динара Мәлік, Нұртас Тұрғанбек, Дамир Әбен, Мөлдір Айтбай, Әліби Әрібек, Айдана Шотбай және Ұлан Ысқақ сияқты Қазақстандағы жас авторлардың шығармашылығымен танысты. Жас ақындар кеште махаббат тақырыбына арналған өлеңдерін оқыды. Кітапхананың жас мамандары танымал қазақстандық классиктердің шығармаларын және өз өлеңдерін оқыды. Сөз сөйлегендер «Парасат» жастар клубын дамытудың қажеттілігі туралы өз қолдауларын және пікірлерін білдірді.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қазақ эпосының кейіпкерлері үлгі болған Қазақстандағы Ғашықтар күніне арналған «Махаббат – жырдың жауһары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование