KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887036
2019 жылы:  20751
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.04.2015

   Өнер бөлімнің оқу залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайы тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең көне және ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады.
   Қазақ жерінде алғашқы ресми мұражайлар XIX-XX ғасырда пайда болған. 
  Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан мұражайы ісінің қалыптасуы мен дамуы 1921 жылғы Қаз КСР Халық ағарту комиссариатының «Орынбор өлкелік музейін Қырғыз өлкесінің Орталық өлкетану ғылыми музейі ретінде қайта құру» туралы қаулысының қабылдануынан  басталды. 1921 жылы Орынбор губерниясының атқарушы комитеті мен Халық ағарту комиссариаты арасында музей қорын өткізуге байланысты жұмыстар аяқталды, актіге қол қойылып, Қазақ өлкелік Орталық  Мұражайы құрылды. 1929 ж. Қазақ өлкелік Орталық мұражайы жаңа астана - Алматы қаласына көшіріліп, Жетісу губерниясы мұражайымен біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бастап қазіргі күніне дейінгі  тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік бұйым жинақталған. Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың палеонтология залында кембрий дәуірінен бастау алып, голоценге дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлер бар.
   Қазіргі уақытта мұражайда бес негізгі стационарлық залдар – олардың әр түрлі топтамалары палеонтологиялық  дәуір туралы ғана емес, Қазақстанның ежелгі, орта ғасырлық, жаңа, қазіргі заманғы тарихы, дәстүрі жайында сыр шертеді.
   «Ашық қор» деп аталатын бесінші зал мұрағаттың ерекше мақтанышы. Онда археологиялық алтынның бірегей жинақтары қойылған.
   ҚР Мемлекеттік Орталық мұражай топтамамаларында сан ғасырлардың аймақтары мен ескерткіштері қамтылған.
   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының алғашқы топтамалары Орынбор музейі жинақтары негізінде қалыптасты. Мұражай қорында Қазақстанның ежелгі тарихы мен елімізде өмір сүретін халықтардың тұрмыс-салтына қатысты суреттер, деректер, қолжазбалар, көне түркі, шағатай, қазақ, араб, парсы, т.б. тілдердегі сирек кездесетін деректемелік материалдар мол. Тасқа, ағашқа, темірге, күміс теңгелерге жазылған көне жазулар, араб әрпімен, қазақ тілінде жазылған қолжазбалар да көп. Құран, хадис, шежіре тәрізді көне жәдігерлер сақталған. 
   Мұражай қорында Қарғалы қазынасынан табылған  алтын заттар, скиф-сақ әлемінің үлкен коллекциясы, Абайдың қолжазбасы, Ш.Уәлиханов, Ә.Жәнгелдин және т.б. жеке заттар сақталған. Мұражайда Қазақстанның әр өңірінен жинақталған халқымыздың материалдық мәдениетінің ескерткіштері, түрлі шаруашылық және тұрмыстық бұйымдары, әшекейлер, ұлттық киім-кешектер, ыдыс-аяқтар, кілем, алаша т.б. мүліктер сақталған.
   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайы жылына шамамен 130 мыңдай адам қабылдайтын, еліміздегі адам ең көп баратын мұражай.

   Көрмеде Ұлттық кітапхана қорынан Мемлекеттік Орталық мұражайының тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар  ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование