KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887069
2019 жылы:  20784
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.04.2015
   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында   Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына  арналған «Майдангерлер - ел  есінде» атты көрме ұйымдастырылды.         
                                                                                                                                      
   Биыл 9 мамырда  фашистік Германиямен болған соғыстағы  Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осы  күнге дейін кеңес  халықтарының  өшпес ерлігі әрбір адамның  жүрегінде сақтаулы. Кеңес  халқының жеңісіне Қазақстан да лайықты  үлес қосты. Алғашқы сағаттардан  және күндерден  бастап       
Қазақстан   аумақтарында әскери бөлімдер мен бөлімшелер қалыптаса бастады. Барлығы 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадасы, 50- ге жуық жеке полктер мен  түрлі әскери түрдегі батальондар қалыптастырылды.
   Соғыс жылдарында әскер қатарына 1 млн, 200 мың қазақстандық шақырылды. Қазақстан аумағына Кеңес Одағының барлық жерлерінен  көшірілген  және қуғынға ұшыраған 1,5 миллионға жуық адам келді. Қазақстан  еңбекшілері «Барлығы майдан үшін, барлығы  Жеңіс үшін!»  ұранымен майдан вахтасында тұрды.  Қазақстан  халқы қазақ жауынгерлеріне  батырлық ерлікке шабыттандыратын мыңдаған  хаттар жіберді.
   Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік  ерлігі үшін  500-ге жуық қазақстандық  Кеңес Одағының  батыры атағына ие болды, 150 қазақстандық үш  дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Сұрапыл соғыста  жарақат пен аурудан қайтыс болған,  дерексіз жоғалған және  тұтқыннан  қайтпағандар саны  – 630 мың адам.
   Соғыс уақытында КСРО  халықтарының тілдерінде 110 майдан газеттері шықты. Ұлы Отан соғысы майданында  және Орта Азиялық  әскери округінде  Орта Азия және Қазақстан халықтарының тілдерінде   42 газет және 7 журнал шығарылды, соның ішінде 16 газет, 2 журнал қазақ тілінде. Соғыс майданында 4,5 мың  әскери журналистер еңбек етті, 200-ден астамы Орта Азия республикаларынан және 72-сі  Қазақстаннан. Әскери тілшілердің міндеттеріне - соғыс уақиғаларын объективті жедел баяндау, Кеңес әскерлерінің  қаһармандығын көрсету, жауынгерлік тәжірибені насихаттау болды. Ұлы Отан соғысы  журналистикасының  дүниежүзілік соғыс тарихында теңдесі жоқ.
   Кеңес  туын  Рейхстагқа  алғашқылардың бірі  болып тіккен  қазақ  лейтенанты  – Рахымжан Қошқарбаев.  1945 жылы 9 мамырда  КСРО халықтарына қуанышты хабар  - «Жеңіс!» сөзі жаңғырды.  Біз Қазақстан  замандастары  майдангерлер  мен  Отан қорғаушыларды еске  аламыз.
   Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында  соғыс жылдарында басылған газеттер сақталған.
1. Жауды жоюға (Майдандағы қызыләскерлер газетасы).- 1943 - № 4-9;
2. Жауға қарсы аттан (1 Прибалтика майданының қызыләскерлері газеті) .- 1944 - № 4-12, 1945 № 2-4;
3. Қызыл Армия.-1944.- № 11-12, 1945.-1-11, 1946 .-№ 2;
4. Лениншіл жас (Орган Казкрайкома и Сыр-Дарьинского Губкома ВЛКСМ.- Қызылорда)- 1927-1941, 1945.-№ 9-12;
5. Майдан правдасы (Волхов майданының қызыләскерлер газеті).- 1942.- № 9-12; 1943.- № 1-12, 1944 № 1-12;
6. Отан қорғауға (Ленинград майданының қызыләскер газеті) .- 1944 - № 1-10;
7. Отан үшін (Солтүстік-Батыс майданының қызыләскерлер газеті).- 1942.- № 1- 11;
8. Отан үшін (Майдандық қызыләскерлер газеті).- 1942.- № 8-12, 1944.- № 1-8;
9. Отан үшін ұрысқа (Кареллия майданының қызыләскерлер газеті).- 1944.- № 4-11;
10.Отанды қорғауға (Ленинград майданының қызыләскерлер газеті).- 1944.- № 1-10;
11.Социалды Қазақстан (ҚК(б) партиясының орталық комитеті мен Алматы обкомының газеті).- Алматы.-1932-19457.- № 1-12;
12.Сталиндік жауынгер (1 Қиыршығыс майданының қызыләскерлер газеті).- 1945.- № 7-10;
13.Сталин туы (Қызыләскерлер газеті).- 1944.- № 2-11, 1944.- № 1-3;
14.Суворовшы (Қызыләскер газеті).- 1944.- № 12;
15.Суворовша қыспақ (Забайкал-Амур соғыс округының қызыләскер газеті).- 1946.- № 1-3,11.
 
   Көрмеде Ұлы Отан соғысы және Жеңіске жету  жайында әр жылдарда басылған газеттер мен журналдар, сондай-ақ  майдангер  журналистердің мақалалары мен естеліктері ұсынылған.
 
   Көрмеге шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование