KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887047
2019 жылы:  20762
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.04.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында «Ұлы Жеңіске - 70 жыл» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   9 мамыр күні біздің еліміз бен бүкіл адамзат фашистік Германиямен болған соғыстағы Ұлы  Жеңістің 70 жылдығын атап өтеді. Адамзат тарихы көптеген соғыстарды бастан кешірді, алайда, соның ішінде алапат қантөгісті, жан түршіктірер  қорқынышты, әлем тағдыры  үшін  шешуші соғыс - 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысы. Осы соғыста кеңес халқы жаппай тарихта болып көрмеген ерлік пен батырлықты көрсетті. Ешқашан  ұмытылмас  ерлікке -70 жыл. Күн санап жаңа ұрпақ өсіп, өркендеп келеді. Олар үшін гитлерлік Германиямен соғыста ерлік көрсетіп, елі үшін, Отан үшін жанын құрбан еткен кешегі аға буын ерлігін есте сақтау – азаматтық парыз.
   Жеңіс  жолы ұзақ та қиын болды, соған қарамастан Жеңіс кеңес халқынын  қуатылығын, бірлігін дүние жүзіне әйгілі етті.
   Ұлы Отан соғысы - адам төзгісіз ауыр қайғы қасіретімен, орны толмас шығындар мен қиратулармен кеңес жерінде 1418 күн мен түнге созылды. Алапат соғыс күлге айналдырған қалалар мен ауылдар, күйретілген рухани-мәдени ескерткіштер, еңбек тылындағы ерлік еңбектер, миллиондаған адамдардың отқа оранған өмірлері қаншама жылдар өтсе де мәңгі есте сақталады. Әрбір адамның міндеті – Ұлы Жеңіс күнінің маңыздылығын есінде сақтау.

   Кітап көрмесіне  Ұлттық кітапхана қорындағы ағылшын, неміс, француз және орыс тілдерінде Ұлы Отан соғысы тақырыбында әр жылдарда басылған әдебиеттер ұсынылған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование