KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909456
2019 жылы:  43171
бүгiн:  345
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс жыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары көркем шығармашылықтың барлық жанрлары үшін патриоттық тақырып бірыңғай ортақ маңызды болды. Оны игеруге көпұлтты Кеңес Одағының барлық республикаларының шығармашылық күштері біріктірілді. Ол, әсіресе, адамдарға аса қажет болған ән жанрында ерекше дамыды, адамдарды біріктіріп, оларды бір мақсатқа – жауды талқандауға бағыттады. Ән майдан мен тыл өмірінің ажырамас бөлігі болды.
   Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әндер - халықтың өшпес ерлігін бейнелеп, сақтап қалған ерекше құжат. Осы жылдары Қазақстан композиторларымен бейнелік және музыкалық-стилистикалық мазмұны жағынан әртүрлі әндер жазылды.
   Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан композиторлары жазған әндер екі стилистикалық топқа бөлінді: батырлық-патриоттық және лирикалық.
   Соғыстың алғашқы жылдары М.Төлебаев «Аттан», «Соқ, барабан», «Тос мені, тос», «Кестелі орамал», АЖұбанов «Серт», «Майданнан хат»,  Б.Ерзакович  «Майдан жыры», Қ.Бабақов «Отан үшін», К.Әзірбаев «Біздің Отан жеңеді», К. Казыханов «Туған ел», А. Базанов «Полк жыры» және т.б. сияқты батырлық-патриоттық әндерді жазды.
   Кеңес Одағының батырлары Зоя Космодемьянская, Мәншүк Мәметова, Нұркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров туралы Қазақстан композиторлары Л.Хамиди, Б.Ерзакович, М. Төлебаевтар ән жазды.
   Ғ. Мұстафиннің сөзіне жазылған «Жас қазақ» әні батырлар туралы әндер қатарындағы көрнекті шығарма болды. Оның авторы композитор Рамазан Елебаев Төлеген Тоқтаров әскери қызмет еткен гвардиялық дивизияда шайқасты. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарындағы адамдардың теңдесі жоқ батылдығы мен ерлігінің музыкалық бейнеленуі болған шығармаларды жазды.

   Біздің бүкіл өмірімізді еске алатын бұл әндер қазір де Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының орындауында және олардың жадында мәңгі сақталады.

   Әрбір ән аңызға айналған азамат соғысынан, жас мемлекеттің шекараларын сақтау туралы, Ұлы Отан соғысы күндері әндерінен бастап, махаббат пен сенімділік, ер азаматтың соғыстағы риясыз достығы туралы лирикалық шығармаларға дейін бұл біздің тарихи жолымыздың бір кезеңі. «Орленок», «Три танкиста», «Священная война», «В землянке», «Любимый город», «Жди меня», «Последний бой», «Ехал я из Берлина», «Где же вы теперь, друзья-однополчане?», «Хотят ли русские войны», «День Победы» және т.б. көптеген әндер шын мәнінде айтулы кеңес тарихының белгісі болып қалды.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан әдебиеттер, ноталық басылымдар, күйтабақтар, соғыс жылдарындағы әндердің электрондық басылымдары  ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование