KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887033
2019 жылы:  20748
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.04.2015

   2015 жылғы 28 сәуірде сағ. 14.00-де Үлкен залда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған музыкалық кеш  және «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» атты кең ауқымды кітап көрмесі өтті.          

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы,  «Алматы қаласы Ұлы Отан соғысы ардагерлері» қоғамдық қоры.

   Ұлы Отан соғысындағы жеңіске биыл 70 жыл толады. Бұл  сол кездегі кеңес халқының өшпес ерлігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Жеңіс күні - халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен қаһармандықтың символы. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін көрсетті. Басқа халықтармен бірге иық тіресе біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
   Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтың қыздары, мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова - халқымыздың мақтанышы.
   «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» атты кітап көрмесі кең ауқымды 6 бөлімнен тұрады: «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы», «Қазақстан отты жылдарда», «Қазақтың қос шынары», «Ерлер есімі ел есінде», «Әдебиет және майдан», «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні». Көрмеде 3000-нан астам кітап, соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері туралы әдебиеттер, әскери мемуарлар, суретті альбомдар, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан жауынгер солдаттардың түпнұсқа хаттары ұсынылған.

  Кешті Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты.
   Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері өнер көрсетті.

   Қатысушылар: соғыс ардегерлері, қоғам қайраткерлері, ҚР Ұлттық гвардиясының 3650-ші әскери бөлімі, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование