KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887007
2019 жылы:  20722
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.04.2015
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.           
 
   Қазақстан халқының бірлігі мерекесі бейбітшілік пен  келісім символы болып табылады.Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Елбасы Н.А.Назарбаев  еліміздегі бейбітшілікті сақтауға  баса назар аударуда, соның арқасында бүгінде біздің республикамыз көптеген  елдер  үшін   бейбітшіліктің,  келісім мен бірліктің үлгісі болып отыр. 
  Еліміздің барлық жетістіктеріне бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі орасан. Мемлекет Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрінің сақталуына барлық жағдайлар жасалуда.    Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан – жүз елуден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын көпұлтты мемлекет.
   Қазақстан халқының бірлігі мейрамы Қазақстанның барлық қалаларында аталып өтіліп, театрланған қойылымдар мен мерекелік концерттерге ұласады.  Мерекенің ең көркем тұсы - түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тұрғын үйлері орналастырылған  этномәдени көрме. Бұл  түрлі ұлыстарға тән киім-кешектерді, дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарды, әшекейлерді кездестіруге болатын ерекше шағын-мұражайлар. Қаладағы мұражайлар мен кітапханалар мерекеге арналған  кітап көрмелерін ұйымдастырады. 
 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийі қорларынан алынған, біздің мемлекетіміздегі түрлі  ұлттардың тарихы мен қазіргі өмірі, олардың рухани мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнерінің дамуы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование