KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887042
2019 жылы:  20757
бүгiн:  1
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.04.2015

   2015 жылғы 28 сәуірде сағ.16.00-де Әлем әдебиеті қызметінің Ресей Кітап бұрышында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Тарих. Жады. Адамдар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы және «Мицва» Ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

   Бұл кітап Ұлы Отан соғысына қатысқандардың басынан кешірген жан түршіктірер қантөгісті күндері, жан жақтан жер аударылып келген әйелдерді, балаларды, кәрі адамдарды құшақ жайып қарсы алып, барымен бөлісіп бірге өмір сүрген жергілікті халқымыздың кеңпейілі туралы, жаңа Отанға келген зиялы қауымдардың  Қазақстанның  ғалымына мен өнеріне, жалпы дамуына құнды үлес қосқан мамандар иелері туралы: олар – дәрігерлер, ұстаздар,  ғалымдар, жазушылар мен өнер қызметкерлері және басқа да саланың мамандары.
   «Тарих. Жады. Адамдар» кітабы – 2014 жылдың 19 қыркүйекте өткен VII Халықаралық практикалық конференциясының жобасының қорытындысы. Жоба тағдырлас, мұңдас адамдарды біріктірді.  Олар барлығына бірдей адам күшіне тыс сынақ-қиыншылықтармен бетбе-бет келді. Алайда олардың әрқайсысы бұл сынақты өзінің жан ауыртпалығымен бастан кешірді.
   Басылымға Орталық Азия, Беларусь, Израиль, Канада, Латвия, Ресей, Украина мемлекеттері авторларының  орыс және қазақ тілінде 56 мақалалары енгізілген. Жинақтың авторлары – белгілі архивистер, жазушылар, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары және басқа маман иелері. Ұлы Отан соғысы кезіндегі жер аударылған халықтар мен  босқындардың, Орталық Азия мен Батыс Сібір еврейлерінің тарихы қамтылған.
    Тұсаукесерді Ұлттық кітапхананың Бас директоры орынбасары А.Х. Юсупова ашып, Алматыдағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы И.В. Переверзева, «Мицва» Ассоциациясының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.И.Барон, «Мицва» Ассоциациясының бағдарлама директоры М.С.Макарова, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты Ю.С.Серовайская, тарих ғылымдарының кандидаты, ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е.М.Грибановалар тақырып бойынша сөз сөйледі.  Тұсаукесерде Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінің және С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасының  дайындаған фильмдері,  «Rey-Dance-School»  би мектебінің оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетті.
    Іс-шараға жинаққа енген мақалалардың авторлары, БАҚ өкілдері, ҚР Ұлттық гвардиясы №3650 әскери бөлімшесінің курсанттары қатысты.
    Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхана қорынан Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған әлем халықтары тілдеріндегі  әдебиеттер ұсынылған.

 

    

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование