KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887066
2019 жылы:  20781
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.04.2015

   2015 жылғы 29 сәуірде сағ. 11-00-де Әлем әдебиетінің оқу залында  ҚР Ұлттық кітапханасындағы  Түркия кітап бұрышына Түркия Республикасынан кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті. Іс-шара Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігімен (TIКA)  бірлесіп ұйымдастырылды.

   Кітап бұрышы 2006 жылы Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ҚР Ұлттық кітапханасы арасындағы келісім негізінде ашылған. Іс-шара Қазақстан және Түркия  ұлттық  кітапханалары арасындағы кітап алмасу ынтымақтастығын қолдау мақсатында өткізілді. Түркия кітап бұрышы жалпы саны 1600 дана жаңа  кітаптар топтамасымен толықтырылды.  Бұл, негізінен, балалар әдебиеті, Түркия мемлекетіның тарихы, саясаты туралы, түрік және орыс тілдеріндегі сөздіктер, көркем әдебиеттер.

    Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының бірінші орынбасары Б.К. Оспанова ашып, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы  Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (TIКA) басшысы Мехмет Бодур мырза,  аталған мекеменің үйлестірушісі Есентай Гулсараұлы мырза және өкілі Л.Мусаева, қазақстандық жазушы-журналист Ғ.Тәшімбай сөз сөйледі. Іс-шара аясында Б.К.Оспанова  М.Бодур мен Е.Гулсараұлы мырзаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.

   Шараға БАҚ өкілдері, Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.

   

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование