KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886838
2019 жылы:  20553
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.05.2015

   2015 жылғы 14 мамыр, сағат 11.00-де Көрмелер залында белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбденнің «Абай және қазақ болашағы»  атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде Абай өсиеттеріне тоқталып, Абайдан үйрену керектігін айтты. Расында да Абай Құнанбайұлының қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Осыны негізге алып, Абай айтып кеткен өсиеттерді қазіргі заман мәселелерімен байланыстырып, XXI ғасырда, жаһандану заманына жаңа көзқараспен қарап, инновациялық серпіліс беріп, экономикалық талдау жасап, алдағы цивилизациялық сұраныстарға лайық деп, автор Абайға жүгініп, елімізде тұңғыш рет өз ұсыныстарын беріп отыр. Бұл еңбекте Қазақ елін алға жетелейтін құндылықтардың тетіктері мен тың пікірлер берілген, болашаққа бағыттайтын жол мен жобалар да бар. 
   Егер дəл қазір Абайдың өзі болса, алыс - жақын айналада жəне өзімізде болып жатқан құбылыстарға, адамзаттың жанайқайына не айтар еді? Оның өңменіңнен өтетін ащы өмір шындығына, лауазымына қарамай айтатын сынына, дəлеліне қазіргі билік сол бұрынғы Абайға қарағандай қарай ма екен?! Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек». Ұлы Абайдың феномені, оның ой-өрісін, болмысын бəріміз, үлкеніміз де, кішіміз де, байымыз да, кедейіміз де жақсы көреміз, мойындаймыз да. Ал ісіне келгенде біріміз оның айтқандарын істеуге тырыссақ, ал екінші жартымыз неге керісінше жасаймыз? Осы сұрақтың жауабын табуға қадамдар жасалған.

   Бұл еңбекте сізді не қызықтырады:
- Әлем қайда барады?
- Біз кім едік, қазір кімбіз, қайда бара жатырмыз, алда не күтіп тұр?
- Қандай байлығымыз, потенциалымыз бар, қалай пайдаланып жатырмыз?
- Рухани құндылығымыз қандай, қазір қай деңгейде, қалай жаңғыртамыз?
- Табиғат пен адам гармониясы қандай?
- Жаңа технологиясыз бәсекелестікке  түсе аламыз ба?
- Ауылдың хал  жағдайы  қандай,  оны қалай көтереміз?
- Білім мен ғылымның деңгейі қандай, қалай серпіліс береміз?
- Әр адамға, отбасына керегі не?
- Жастар болашағы ма?
- Басқару жүйесі тиімді ме, кәсіби біліктілігіміз қай деңгейде, тиімді етіп қалай  басқарамыз?
- Адамзаттың XXI ғасырдағы өмір сүру жолы ма? 
Тағы басқа Абай көтерген өзекті мəселелердің жауабын осы кітаптан табуыңыз мүмкін.

   Тұсаукесерді Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқар ашты.

   Кешті филология ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: Ә.Қайдар, Т.Кәкішев, А.Қошанов, Х.Ғабжалилов, Ә.Нысанбаев, С.Ғаббасов, А.Осман, Қ.Сәбденов және т.б.

   Іс-шара аясында жаңа басылым Ұлттық кітапханаға, Алматы қаласының кітапханаларына және қатысушыларға сыйға тартылды.

  

  

  

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование