KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886916
2019 жылы:  20631
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2015

   2015 жылғы 15 мамыр, сағат 11.00-де «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында «Парасат» жастар клубы жұмысының аясында Ұлы Жеңістің 70 жылдық құрметіне Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған еске алу кеші өтті.

   Бауыржан Момышұлы − Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаhарманы, панфиловшы, жазушы. 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Соғыс басталғаннан бастап, Б.Момышұлы құрамында өзі майданға кеткен 316-шы атқыштар дивизиясының құрылуына көп күш салды.

   Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, атақты 8-ші  гвардиялық дивизия батальонын басқарды, полк командирі болды, соғыс аяқталғанша гвардия дивизиясын басқарды. Б. Момышұлы дәл осы жылдары өзін даңқты қолбасшы, әскер ісінің керемет білгірі ретінде көрсетті.
   Кеш бағдарламасында жастар кеңес халқының ерлікке толы өткенімен танысты. Жастармен кездесуге Б.Момышұлы жанұясының мүшесі, жұртқа аңыз болған батыр Бауыржан Момышұлы туралы «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты» атты кітабының, сондай-ақ, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін, қазақ халқының әдет-ғұрпын насихаттайтын көптеген мақалалардың авторы, қазақстандық жазушы Зейнеп Ахметова шақырылды. Кездесу барысында Зейнеп Ахметова қазақ халқының танымал ұлының өмірі туралы естеліктерімен бөлісті. Бауыржан Момышұлы қаншалықты қатал болса да, әрқашанда әділ болғандығын есіне алды. Кітапхана жастары қазақстандық авторлардың соғыс туралы шығармаларынан үзінділер оқыды.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Бауыржан Момышұлына арналған «Қаһарман ұлы қазақтың» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көрмеге ұлы Бақытжан Момышұлының және Зейнеп Ахметованың шығармалары қойылды.

      

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование