KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886842
2019 жылы:  20557
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.05.2015

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Комсомольская  правда» газетінің 90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

   «Комсомольская правда» газеті − қоғамдық-саяси газет, Ресейдің көне әрі күнделікті танымал басылымдарының бірі. Орталық  күн сайынғы «Комсомольская  правда»  газетінің алғашқы  нөмірі 1925 жылы 24 мамырда 31 мың  дана таралыммен басылып шықты. Алғашқы  кездерде  газет  ұдайы  жастардың  ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға, бірінші  бесжылдықтың   құрылыстарына  қатысуы туралы жариялап отырды. Газет спортты белсенді  түрде насихаттап, жастарды жаппай туризмге шақырды. Бастапқы кезден-ақ «Комсомольская правда» газетіне белгілі кеңес жазушылары мен ақындары өздерінің шығармаларын жариялап отырды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен майдан мәліметтерін, майданнан және майданға жазылған  ірі көлемдегі  хаттарды  жариялады,  ең маңызды майдан  телімдеріне  38 көшпелі редакция   ұйымдастырылды.
   1990 жылы газеттің бірреттік таралымы  21 миллион 900 мың дананы  құрады. Бұл рекорд XX ғасырдың  абсолюттік  әлемдік  жетістігі болып, Гиннес рекордтар кітабына енді.
   1999 жылы газет жаңа форматта шығарыла бастады, ал 2001 жылдың қараша айынан бастап Мәскеуде күнделікті  «Комсомолка»  жарыққа шыға бастады.  Бүгінде  «Комсомольская правда» - жалғыз жалпыұлттық ресейлік газет. Ол Ресейдің 44 қаласында, көбінесе бұрынғы КСРО республикаларында басылады және бүкіл ТМД аумағына, сондай-ақ  Батыс Еуропаға,  АҚШ-қа, Израильге таралады.  Шетелде, әлемнің 48 елінде газет 1 миллион  дана таралыммен шығады.
   Қазіргі  таңда «Комсомольская правда» газетінің Қазақстанда тек өкілдері ғана емес, сонымен қатар, өз нөмірлерінде біздің еліміздің өмірі жайлы арнайы қосымша беттері де  бар.«Комсомольская правда Казахстана» - көпшілік оқырман қауымға арналған газет. Газеттің таралымы айына 120 000 данадан астам. Қазақстанның барлық облыстарына таралады.
   «Комсомольская правда» газеті Ленин орденімен (1930), 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен (1945), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен (1950,1957) марапатталған.

   Көрмеде «Комсомольская правда» газетінің әр жылдардағы  басылымдары ұсынылған.

   Баршаңызды кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование