KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886929
2019 жылы:  20644
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.05.2015

   2015 жылғы 19 мамыр, сағ.14.00-де Көрмелер залында композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

   Бәйтереков Сейдолла (1945-1998) – композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, осы жерде ұстаздық қызметін атқарды. Кейін "Қазақконцерт" гастрольдік-концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі және дирижері болып қызмет атқарып, жас орындаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға  үлкен көңіл бөлді. 1990 жылдан өмірінің соңына дейін Мемлекеттік "Саз" дыбыстық жазба студиясының директоры болып қызмет атқарды. Көптеген мультфильмдердің, кинофильмдердің («Ауылдан келген күйеу бала», «Жусан иісі»), драмалық қойылымдардың («Сақал саудасы», «Тастама отты, Прометей», «Турандот ханшайым», «Мен iшпеген у бар ма?», «Домбыра мен көгілдір гүл туралы ертегі», «Махаббат аралы») музыкаларының, «Ерте, ерте, ертеде…» мюзиклының және басқаларының авторы. Оның соңғы симфониялық шығармасы –  «Жібек жолы» симфониялық сюитасы және «АЛЖИР» деректі фильміне жазған музыкасы ерекше есте қалады.
   Оның «Әлия», «Күнге табыну», «Дос туралы жыр», «Түркістан», «Өмiр-өмiр», «Мөлдiр сезiм», «Түсiнбедiм», «Бip болайық», «Сағындым дауысыңды», «Аман бол» және басқа да әндері Қазақстандағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегі қалың тыңдарман қауымның ең сүйікті әндері болып табылады.
   Оның симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарында.

   Іс-шара аясында кітапхана қорынан С.Бәйтерековтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Ән-ғұмыр» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  Кеште белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев; әйгілі қазақстандық  сықақшы Көпен Әмірбек; химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәлі Баешов; қазақ радиосының ардагері, мәдениет қайраткері Кемелбек Шаматай сөз сөйледі, сондай-ақ туған бауырлары мен қарындастары - Ибадулла, Үсен, Назира, Күләш Байтерековтер, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері және т.б. қатысты.
 

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование