KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886905
2019 жылы:  20620
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.05.2015

   2015 жылғы 15 мамыр, сағат 11.00-де Көрмелер залында  Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) Ғылыми-сарапшылар тобы (ҒСТ) мүшелері, төрағасының орынбасары, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының талдау бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. С.В.Ананьеваның, Философия, саясаттану және дінтану институтының этносаяси зерттеулер секторының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Р.Қ.Қадыржановтың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Н.Б.Емнің этносаралық мәселелер бойынша еңбектерінің таныстырылымы өтті.

   Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылар тобы және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы.

   Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты жетістіктерінің бірі еліміздегі этносаралық және конфессияаралық келісім болып табылады. Мемлекеттің және Қазақстан халқы Ассамблеясының осы бағытын қолдай отырып, Алматы қ-сы ҚХА ҒСТ мүшелері қазақстандық этносаралық саланы зерттеуді көрсетуге арналған іс-шара өткізді.
   С.В.Ананьеваның «Морис Симашко» монографиясы Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Президенттің Бейбітшілік және Рухани келісім сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Морис Симашконың шығармашылығымен оқырмандарды таныстырады. Жазушының шығармашылығы жүзжылдықтың, дәуірдің, өркениет пен мәдениеттің полилогы аясында, автобиографиялық естелік, Отанның концептілері, естеліктер мен Ұлы Жібек жолы, ғасыр мен өркениет жолы арқылы қарастырылады. 
   Р.Қ.Қадыржановтың «Этномәдени символизм және Қазақстанның ұлттық бірегейлігі» атты монографиясы этностық элиталар мен мемлекеттің қатысуымен өңделіп, Қазақстанның этностық, тілдік және мәдени топтарына ұсынылатын символдар арқылы зерттелінетін Қазақстан үшін өзекті және маңызды ұлттық бірегейлік мәселелерін зерттеуге арналады. Сонымен қатар түрлі элиталармен ұсынылатын этномәдени символизмдердің бәсекелестік, күрделі сипаты ашылады.
   Н.Б.Емнің «Шетел кәрістерінің этносаралық қарым-қатынасы» монографиясы Қытай, АҚШ, Жапония және Қазақстан кәрістерінің арасындағы қазіргі этносаралық некенің дамуына әсер ететін тарихи-демографиялық аспектілері аясында шетелдік кәрістердің арасындағы этносаралық некелердің динамикасы мен құрылымының жан-жақты ғылыми талдауы болып табылады.

   Кешті Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әлібек Асқар ашты.

   Модераторы: Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылар тобының төрағасы, Философия, саясаттану және дінтану институтының саясаттану бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. Шайкемелев Мұхтарбек Сейд-Әлиұлы.

   Қатысушылар: ҒСТ ҚХА мүшелері, ғалымдар, алматылық ЭМБ  өкілдері, Алматы қ. қоғамдығының өкілдері, журналистер.

  

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование