KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886839
2019 жылы:  20554
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2015

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында орыстың танымал ақыны Иосиф Александрович Бродскийдің 75 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бродский Иосиф Александрович (1940 - 1996) – орыстың көрнекті ақыны, эссеист, драматург, аудармашы, 1987 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, 1991-1992 жылдардардағы АҚШ-тың Ақын-Лауреаты.
   И.Бродскидің алғашқы ақындық тәжірибесі 1957 жылға тиесілі. 60-шы жылдардың басында ақын-аудармашы ретінде қызмет ете бастайды. Оның талантын жоғары бағалай білген А.А. Ахматовамен де сол жылдары танысқан болатын.  Өлеңдері (1959-1960 жж.) «Синтаксис» журналында жарық көрді. 1964 жылы 15 ақпанда Ленинград сотының шешімімен тұтқындалып, арамтамақ айыбымен Архангельск облысында бес жылға бас бостандығынан айырылды. 1972 жылдың жазында И.Бродский АҚШ-қа көшіп кетуге мәжбүр болды. Мичиган университетінде дәріс берді. 1980 ж. америка азаматтығын алды. 1987 ж. әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ие болды. 1992 ж. АҚШ-тың Ақын-Лауреаты атанды. Бродский шығармашылығына адамзат тұрмысының маңызды мәселелері тиесілі. Бродскийдің ақындық әлеміндегі доминанттық тақырыптар – уақыт, кеңістік және жалғыздық – ақынның  ерекше жеке дүниетанымын айқындайды.
    И. Бродский екітілді ақын. Ол ағылшынша эссе, әдеби сын, өлеңдер жазып орыстың ақындық тілінің мүмкіндіктерін кеңейте білді. Ақынның өнер әлемі әмбебап. Оның стилінде барокко, неоклассицизм, акмеизм, ағылшын метафизикалық поэзиясы, андеграунд, постмодернизмдердің әсері сезіледі. Бұл тұлғаның болуының өзі өтірікке, мәдениеттің құлдырауына зияткерлік және адамгершілік тұрғыда қарсы тұруды іске асыру болды. 
    И.Бродскийдің Батыста орыс тілінде 8 өлең кітабы жарық көрді: «Стихотворения и поэмы» (1965); «Остановка на пустыне» (1970); «В Англии» (1977); «Конец прекрасной эпохи» (1977); «Часть речи» (1977); « Римские элегии » (1982); «Новые стансы к Августе» (1983); «Урания» (1987); «Мрамор» драмасы (орыс тілінде, 1984). И. Бродский Ұлыбритания және АҚШ-тың ғылыми және әдеби ортасында үлкен құрметке ие болды, Францияда Құрмет легионы орденін иеленді, Оксфордтың Honori Causa сыйлығының иегері.
     И. Бродский 1996 жылы 28 қаңтарға қараған түні Нью-Йорк қаласында қайтыс болды.
    Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан И.А. Бродскийдің шығармалары және оның өмірі мен  шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.

   Барлығыңызды кітап көрмесіне шақырамыз!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование