KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909441
2019 жылы:  43156
бүгiн:  330
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2015

   Көрмелер залында 31 - мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тауқымет пен тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен қатар, Қазақстан үшін де саяси-қуғын сүргін жылдарында жазықсыз жапа шеккен мыңдаған адамдардың өмірі халықтың мәңгілік есінде қалады. «Халық жауларын» анықтау қатаң саясатының нәтижесінде миллиондаған адамдардың тағдыры қиылып, балалар ата-анасынан айырылды. Көптеген халықтар өзінің шыққан тегіне, әлеуметтік, ұлттық, діни және басқа да белгілеріне қарай репрессияның зардабына ұшырады.
   Қазақстан аумағы кеңес азаматтарын жаппай депортациялау орны болды. Корейлер, немістер, поляктар, гректер, түріктер, шешендер, татарлар, қалмықтар және басқа да этностарды күштеп көшіру жүргізілді. 1931 жылы  Қарағанды еңбекпен түзеу лагері – Карлаг және Отанына опасыздық жасағандардың жұбайларына арналған  Ақмола еңбекпен түзеу лагері – АЛЖИР құрылды. Онда репрессияға ұшырағандардың жарлары, аналары мен қарындастары жазасын өтеді.
   1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси-қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы»  Заңы Тәуелсіз  Қазақстанда ең  алғашқы  қабылданған заңдардың бірі  болды.
   ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 31 мамырда аталып өтіледі. Бұл күні жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарында қаза тапқандар мен құрбандарын еске алуға арналған іс шаралар өтеді: репрессияға ұшырағандардың ескерткіштеріне гүл қойып тағзым ету, сурет көрмелері, кинотеатрларда деректі фильмдер көрсету, оқу орындарында «еске алу сабақтарын» өткізу және т.б.
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование