KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886789
2019 жылы:  20504
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.06.2015

   2015 жылғы 5 маусым, сағ. 11.00-де Көрмелер залында «Казахская диаспора и репатриация. 1991-2012» атты ұжымдық   ғылыми монографияның тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы.

   Монография авторлары - тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Нұранқызы Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев, тарих ғылымдарының докторы Жарас Ермекбай және философия ғылымдары кандидаты Айтбала Баймағамбетова.
   Ғылыми редакторы – Халықаралық ақпараттандыру академиясы және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мәжитов. Монография рецензенттері: тарих ғылымдарының докторлары: Наталья Аблажей, Валерий Демидов (Новосібір) және Айжан Қапаева (Алматы).
   Аталған монография қазақ диаспорасының даму тарихы мен олардың тарихи отандарына иммиграциясы туралы жинақтау мен талдауына арналған ғылыми зерттеулердің ақырғы қорытындылары. Шетелдегі қазақтардың тарихи отандарына қоныс аудару үдерісі қазақстандық қоғамның мемлекеттің жаңаша даму құрылысы кезеңіндегі әлеуметтік маңызды басымдықтарының құрамдас бөлігі болып табылады. Бүгінде әлемнің 43 елінде 4-4,5 млн-ға жуық қазақтар өмір сүріп жатыр.
   Қазақ-оралмандар республикадағы қазақ тұрғындарының бар болғаны 10%-н құрайды. Кітап қазақ оралмандарының тәуелсіздік жылдары тарихи Отандарына оралу, бейімделу және ықпалдасу тарихымен көпшілік қауымды таныстыру мақсатында жазылған.
   1991 жылдан 2015 жылдың 01 қаңтарына дейінгі аралықта тарихи отандарына 259 159 отбасы немесе 952 882 этникалық қазақтар қоныс аударып, оралман дәрежесін алды. Оралмандардың көпшілігі:  61,5 % – Өзбекстаннан, 14,3% – Қытайдан, 9,3% – Моңғолиядан, 6,8% – Түркіменстаннан, 4,6% – Ресейден және 3,5% – басқа елдерден келгендер. Қазақтардың Қазақстанға оралуы табиғи өсіммен қатар елдегі қазақ санының және олардың өсім салмағының артуына ықпал етті.
   Бәрімізге белгілі бір кездері оралмандарға берілетін квота тоқтатылды. Соған қарамастан, 2012 жылы Қазақстанға шетелден 39 000 этникалық қазақтар оралды, яғни үкіметтік көші-қон квотасы берілген 2010 жылға қарағанда 3 000 адамға артық. Егерде 2013 жылы Қазақстан алыс және жақын шетелдерден құрамында 33 952 адамы бар 15 338 қазақ отбасын қабылдаса, 2014 жылы осы көрсеткіш төрт есеге азайды.
   Мазмұны мен көлемі жағынан ауқымды 10 тараудан және қатты мұқабадағы 33 баспа беттен тұратын  бұл монография қазақ диаспорасы, репатриация, көші-қон саясаты, демография және диаспорология тарихының мәселелеріне қызығушылық танытқан көпшілікке арналады. Монография ғылыми сипатта жазылған, географиялық, пәндік және есімдер көрсеткіштерімен, қысқартылған сөздер тізімімен, сондай-ақ, түрлі-түсті иллюстрациялармен жабдықталған.

   Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқар ашты.
   Кеш модераторы - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Мамашев.
   Сөз сөйлегендер: С.Мәжитов, Қ.Әлімғазиев, Н.Мұхамедханұлы, А.Құдайбергенова, Қ.Сансызбайұлы, Д.Тынышбаев, Қ.Уәлихан.
   Қатысушылар: белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оралман қазақтар, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері.

  

  

 

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование