KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061287
2019 жылы:  126822
бүгiн:  692
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2015
   2015 жылғы 26 мамырда сағат 10.00-де Көрмелер залында Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»  бағдарламасын таныстыру және талқылау бойынша  жиналыс өтті.
Жиналысқа  кітапхана ұжымының қызметкерлері қатысты. 
   Жиналысты Ұлттық кітапхана директорының 1-ші орынбасары Б.К.Оспанова ашып, үстіміздегі жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентін Ұлықтау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспары туралы қысқаша тоқталып, оның мемлекетіміздің дамып-өркендеуі үшін маңыздылығын атап өтті. Реформаларды жүзеге асыру – әрбір қазақстандыққа жүктелген аса маңызды міндет. Сондықтан да, бұл құжатпен осы мемлекетте өмір-сүріп отырған азаматы ретінде кітапханашылардың оқып-танысуы керектігін айтып өтті.
    Директордың орынбасары Юсупова А.Х. Ұлт жоспарының негізгі қадамдары мен бағыттары, бес президенттік реформа  туралы  қысқаша ақпарат беріп, кітапханашылар: Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Әзіретбергенова Э.Ж, Қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Үсенова Г.Д, Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Шаймерденова Б.Ш, Ғылыми-әдістемелік қызметтің маманы Қырбасов А.Т, Қазақстан кітаптары қызметінің маманы Болтаева П.Т. өз пікірлерімен бөлісті.
    Ұлттық кітапхананың қызметкерлері  Елбасының бес реформасы мен «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламасының маңыздылығын айта келе, негізгі бағыттары: инновациялық индустрияландыру, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, жаңа еңбек кодексін қабылдау, білім беру мен денсаулық сақтау, кітапхана ісі саласы, әлеуметтік көмек көрсету  және т.б. мәселелері бойынша ой бөлісіп, ұлт жоспарын қолдайтындарын және оны жүзеге асыруға атсалысатындарын білдірді.
 
  
 
  
 

 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование