KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886725
2019 жылы:  20440
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.05.2015

   Өнер бөлімнің оқу залында  Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының 80 жылдығына  арналған «Шуағын төккен өрнектер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жамбыл атындағы Қазақ филармониясы 1935 жылы құрылған. Оның алғашқы көркемдік жетекшісі көрнекті ғалым, композитор А.Жұбанов болды. Филармонияның дамуына Е.Брусиловский, А.Затаевич, Д.Нұрпейісова, Ж.Қаламбаев, Ж.Елебеков, Қ.Бабақов, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова және т.б. үлес қосты. 1938 жылдан белгілі қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың есімімен аталады.
   Қазақ Мемлекеттік филармониясында белгілі классикалық және заманауи музыкалық шығармалардың үздік үлгілері,  халық музыкасының бай мұрасы орындалады.
   70-80 жылдары филармония сахнасында Ж.Әубәкірова, А.Мұсаходжаева, Г.Мырзабекова, Г.Молдакәрімова және т.б. өнер көрсетті.
   Бүгінде оның құрамында: Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық академиялық оркестрі, Мемлекеттік «Орындаушылар академиясы» камералық оркестрі, Ғ.Жұбанов атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, Ағашты-үрмелі аспаптар квинтеті, Қазақ Мемлекеттік академиялық ән-би ансамблі бар.
   Бүгінде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының концерттік маусымдарына Қазақстан, Ресей, Еуропа және Азияның атақты музыканттары, ең үздік музыкалық ұжымдар қатысады. Оның концерттік залдарында халықаралық фестивальдар мен конкурстар өтеді. Филармония қазақтың халық музыкасына ерекше көңіл бөледі. Алматыда жыл сайын өтетін дәстүрлі музыканың халықаралық фестивальдарындағы лық толы зал мен жұртшылықтың үлкен әсер алуы оның үлкен сұранысқа ие және қазіргі тыңдармандарға қажет екендігінің дәлелі.
   Филармония Қала күніне, Республиканың Тәуелсіздік күніне, Жеңіс Күніне, т.б. арналған жалпықалалық мерекелерге, ауқымды балалар іс-шараларына үнемі қатысады, сондай-ақ қайырымдық шараларын белсенді түрде жүргізіп отырады.

   Көрмеде Ұлттық кітапханасы қорынан Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық филармониясының тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, күйтабақтар, электрондық басылымдар  ұсынылған.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование