KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886806
2019 жылы:  20521
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.06.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Байқоңыр ғарыш айлағының 60-жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш алаңы  – Байқоңырдың 1955 жылы  негізі қаланды. Ғарыш айлағы Қазақстан аумағында, Қызылорда облысының Қазалы қаласы мен Жусалы ауылы арасында Төретам ауылына жақын жерде  орналасқан. 6717  км. аумақты алып жатыр. Байқоңыр қаласы мен Байқоңыр ғарыш айлағы бірігіп, Ресейдің Қазақстаннан 2050 жылға дейінгі мерзімге жалға алған «Байқоңыр» кешенін құрайды.

   Болашақ ғарыш айлағының құрылысы шөлді, тақыр аймақта жүрді және рекордтық мерзімде аяқталып, 1957 жылы 5 мамырда Сергей Королев құрастырған алғашқы құрлықаралық баллистикалық Р-7 ракеталары полигоннан ұшырылды.  
   1957 жылғы 4 қазанда ғарыш айлағынан әлемдегі алғашқы жасанды «Спутник-1» Жер серігі (ЖЖС) орбитаға сәтті ұшырылды. Оның салмағы 83,6 килограмды құрады. 1957 жылғы 3 қарашада «Спутник-2» ЖЖС-мен орбитаға Лайка иті ұшырылды.
   1961 жылғы 12 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан әлемде алғаш жер төңірегіндегі орбитаға ұшқыш-ғарышкер Юрий Гагаринді жеткізген «Восток-1» ғарыш кемесі ұшты. Ол Жер шарын 1 сағат 48 минутта бір рет айналып ұшып, Саратов облысының Смеловка ауылына жерге қонды. 1991 жылы «Союз Т-13» кемесімен қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышта екі рет болды (1994, 1998 жж.).
   Байқоңыр ғарыш айлағы «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелерінің, «Салют», «Мир» орбиталық станцияларының, «Энергия»-«Буран» ғымаранды-ғарыштық жүйесінің, Жердің көптеген жасанды серіктері мен планетааралық ғарыштық аппараттардың бастау алатын орны болды. «Мир» жобасын жүзеге асыруда Байқоңыр ғарыш айлағы өзіндік рөл атқарды. Жобаға көптеген ұйымдар мен ғылыми-зерттеу мекемелері қатысты. Медицина, биология, техника және астрофизика саласында 31 000-нан астам сынақтар, «Прогресс», «Союз» және т.б. ғарыш кемелерімен түйісулер  жүргізілді.
   Қазақстандық ғылым жердің табиғы ресурстарын, жер магниттігі, жер төңірегіндегі  ғарыштық кеңістікті, атмосфера дәлдігін, ионосфера жағдайының ғарыштық  радиобайланыс трактіне әсерін зерттеу сияқты ғарыштық зерттеулердің дамуына зор үлес қосты.  
   Бүгінде Байқоңыр ғарыш айлағы ғарыштық кеңістікті игеру саласында әлемдік ынтымақтастық үшін, ғарышкерлердің жаңа буынын халықаралық орбиталық кешенге шығаруды жүзеге асыру үшін Еуразиядағы жалғыз және ірі ғарыш алаңы ретінде ашық.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу тарихы, отандық ғарыш ғылымы, Қазақстандағы ғарыш қызметінің дамуы және жаңа бағыттары туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование