KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886775
2019 жылы:  20490
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.06.2015

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің 60-жылдығына арналған «Би халық өнерінен туындайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі 1955 жылы құрылды. Ансамбль тұжырымдамасында ұжымның қатысушыларына тек билеп қана қоймай, бейбітшіліктің, достық пен бірліктің елшілері болулары керек, деген талаптар қойылды. Ұжым құрылған жылдан бастап өз бағдарламаларымен әртүрлі байқаулар мен фестивальдарға қатысуда. Бүкілодақтық фестивальдің  жеңімпазы және Мәскеу қаласында Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивальдарында лауреат атанды. 1967 жылы музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнерге  қосқан зор үлесі және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен ансамбльге  «еңбек сіңірген» құрметті атағы берілді. 1989 жылы Қаз КСР ән-би ансамблі ҚР Мемлекеттік Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен «Салтанат» би ансамблі болып қайта құрылды. Ансамбльдің көркемдік жағын 1969-76 ж. А.Шанин, 1976 жылдан Р.Әмірина басқарды. Ансамбьдің Репертуарында халық ойындары мен аңыздарының музыкалық-хореографиялық қойлымдары («Жігіттер, «Қыз қуу», т.б.), халық композиторлары Тәттімбеттің («Сылқылдақ») және Дәулеткерейдің («Құдаша») күйлері, т.б. музыкалық шығармаларыры бар. Ансамбль ұжымы 1976 ж. Францияда, 1982 ж. Германияда өткен Халықаралық фольклорлық фестивальдарға қатыты. 1996 жылдан ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі бас балетмейстері Шара Жиенқұлованың шәкірті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. Орымбаева болды. Ол қазақтың классикалық би техникасы қойылымының шебері. «Салтанат» би ансамблі концерттерімен республиканың түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шет елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, т.б.) өнер көрсетуде. 1998 ж. Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) өткен 19 елдің өнерпаздары қатысқан Бүкіләлемдік би фестивалінде «Салтанат» ансамблінің құрамында: Б.Бектаев, Т.Потапова, Э.Дәрменова, А.Омарова, М.Мельник, А.Есекеев, А.Нұрбабанова, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері С.Бапов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.Ножкин сынды би өнерінің шеберлері бар. Биші Шара Жиенқұлованың күншімен халықтық дәстүрде қалыптасқан «Салтанат» би ансамблі қазақ биінің көрнекті жалғастырушылары болды. Қазіргі таңдағы өзінің шығармашылық даму кезеңінде  «Салтанат» ансамблінің репертуарында 130- дан астам нөмірлері бар. Әртістердің жеке шеберліктері, басқарма құрылымдарының, қызмет көрсететін жұмысшылардың еңбектері еленіп, үкіметтік және ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің наградаларымен марапатталды.

   Көрмеде  Ұлттық кітапхананың кітап және мерзімді басылымдар қорынан Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование