KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886727
2019 жылы:  20442
бүгiн:  1
қазiр:  41
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.06.2015

   Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздеріміз – ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда ресми түрде бекітілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
   Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
   Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі, ол елдің рухани дамуына, мәдениетінің және тәуелсіздік идеясының дамуына үлес қосады. Отанға қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауға бағытталған. Мемлекеттің рәміздерін құрметтеу, оларды дұрыс түсінуге және мән беруге бағытталған. Мемлекеттік рәміздер тарихын және оның мәнін білу жастардың білім деңгейін, азаматтық көзқарасын арттыра түседі.

   Көрмеде мемлекеттік рәміздер туралы энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар,  әдебиеттер ұсынылған.
 
   Кітап көрмесіне шақырамыз!
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование